Лос-Анджелесте киноиндустрияның басты жұлдыздарын қызыл кілемге жинаған «Оскар» сыйлығын табыстау рәсімі өтті. Биыл номинациялар саны бойынша көш бастаған туынды — режиссер Райан Куглердің «Күнәһарлар» хорроры. Фильм бірден 16 аталым бойынша ұсынылды. Сондай-ақ басты фавориттердің қатарында Пол Томас Андерсонның «Шайқастан кейін шайқас» фильмі де бар. Аталмыш картинада Леонардо Ди Каприо мен Шон Пенн бой көрсеткен еді. Бұдан бөлек, режиссер Джош Сэфдидің басты рөлде Тимоти Шаламе түскен «Ғажайып Марти» фильмі де үміткерлер қатарында. Ал марапаттарды нақты кімдер иеленді? Ендеше, 2026 жылғы «Оскар» сыйлығының жеңімпаздары төменде:
«Оскар — 2026» сыйлығының жеңімпаздары:
Үздік фильм — «Шайқастан кейін шайқас»
Үздік шетелдік көркем фильм — «Сезімтал құндылық»
Үздік толықметражды анимациялық фильм — «K-Pop: жындарға қарсы аңшылар»
Үздік деректі фильм — «Ешкім мырза Путинге қарсы»
Үздік қысқаметражды көркем фильм — «Әншілер» және «Екі адам сілекей алмасады»
Үздік қысқаметражды анимациялық фильм — «Інжу көз жасты қыз»
Үздік қысқаметражды деректі фильм — «Барлық бос бөлмелер»
Үздік режиссер — Пол Томас Андерсон («Шайқастан кейін шайқас»)
Үздік актриса — Джесси Бакли («Хамнет»)
Үздік актер — Майкл Б. Джордан («Күнәһарлар»)
Екінші пландағы үздік актриса — Эми Мэдиган («Қарулар»)
Екінші пландағы үздік актер — Шон Пенн («Шайқастан кейін шайқас»)
Үздік түпнұсқа сценарий — «Күнәһарлар»
Үздік бейімделген сценарий — «Шайқастан кейін шайқас»
Үздік кастинг — «Шайқастан кейін шайқас»
Үздік дыбыс — F1
Үздік түпнұсқа саундтрек — Людвиг Йоранссон («Күнәһарлар»)
Үздік ән — Golden («K-Pop: жындарға қарсы аңшылар»)
Үздік монтаж — «Шайқастан кейін шайқас»
Үздік операторлық жұмыс — «Күнәһарлар»
Үздік визуалды эффектілер — «Аватар: От пен күл»
Үздік костюм дизайны — «Франкенштейн»
Үздік грим және шаш үлгісі — «Франкенштейн»
Үздік көркемдік безендіру (production design) — «Франкенштейн»
Автор. Жанель Муканова. Аударған. Гүлдана Мұқан.