Парфюмерия әлемінде жасмин ноталары бар хош иістерді еш күмәнсіз ең танымал композициялардың қатарына жатқызуға болады. Алайда бұл гүлді аккордтардан құралған ароматтарды бірсарынды немесе қызықсыз етеді деген сөз емес. Жеңіл, тәтті жеміс реңктерімен үйлескен балғын шлейфтерді ұнататындар бұл материалдың басты кейіпкерлерін әлдеқашан бағалап үлгерген. Ендігі кезек — сізде.
Бүгінде жасминді сан алуан парфюмнің құрамынан кездестіруге болады: еркін әрі сезімтал композициялардан бастап, қою, еліктірер және тәтті хош иістерге дейін. Әдетте бұл тропикалық гүлдің шлейфі цитрус ноталарымен, мускуспен, ванильмен, амбрамен және туберозамен тамаша үйлеседі. Мұндай компоненттер жасминнің нәзік болмысын айқындап, оны одан әрі әсерлі әрі арбаушы етеді. Жасмин ноталары бар ең ерекше әрі талғампаз хош иістер сізді Harper’s BAZAAR Kazakhstan топтамасында күтіп тұр.
Ôrebella
Byredo
Tom Ford
Henry Rose
Gucci
Ellis Brooklyn
Jo Malone
Carolina Herrera
Harper's BAZAAR ұсынған мақаланы сілтеме арқылы оқи аласыз.
Автор. Мария Бурлака. Аударған. Гүлдана Мұқан. Фото. Брендтердің баспасөз қызметі.