2000-жылдардың соңында тоғалы белдіктер ең басты аксессуарлардың бірі еді. Қазір бұл бұйымдар қайта оралып, кез келген образға айрықша реңк қосуға болатынын еске салады. Сонымен қатар, олардың көмегімен шалбар, белдемше, джинсы, тіпті көйлек те денеге жақсырақ отырып көрінетінін ұмытпаңыз. Джонатан Андерсон жақында таныстырды тоға орнына рама қойылған қызық белдіктерді, бұл тұтастай бір таңданыс толқынын тудырды. Harper’s BAZAAR Kazakhstan аксессуарларды қалай тағу керегін көрсетеді — образдар үйлесімді де қалыптан тыс көрінсін.
Барокко стилінде
Әуелде образ кеңселік болып көрінуі мүмкін. Бірақ алтын түсті тогасы бар белдік оны бірден әмбебап етеді. Мұндай киіммен тек жұмысқа ғана емес, кештерге, дәрістерге және кездесулерге де баруға болады.
Белдік үстіне белдік
Бір аутфитте бірнеше белдікті қатар тағып, батыл үйлестіріңіз. Мұндай максималистік стилинг тәсілі әсірелеуді ұнататындарға ұнауы мүмкін. Негізге классикалық базаны алыңыз, ал аксессуарларды қалағаныңызша қабаттап көріңіз. Әр қилы металл мен материалды қатар қолдану тосын шешім береді.
Өте үлкен тоғалар
Трендтегі тоғалы белдіктер сан алуан. Ірі элементтері бар үлгілер де назарға лайық. Бірақ мұндай бұйымдар назарды декорымен не дизайнымен емес, ең алдымен көлемімен ғана аударсын. Образды толықтыру үшін бір-екі әсерлі әшекей қоса аласыз.
Вестерн стилінде
Вестерн стилі сәл-пәл шегінгенімен, бұл эстетикадағы кейбір аксессуарлар әлі де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Ковбойлар тағатын тогалар сіздің де киімдеріңізді әсемдесін. Алғаш қарағанда барынша ықшам көрінетін образдардың өзі мұндай стильді әрі батыл белдіктермен түрленіп шыға келеді.
Harper's BAZAAR ұсынған мақаласының түпнұсқасын осы жерден оқи аласыз.
Автор. Мария Бурлака. Аударған. Гүлдана Мұқан. Фото: Брендтердің баспасөз қызметі.