2–8 наурызға арналған жұлдыз-жорамал: жұлдыздар сізге не дайындады?
Фото. Дауир Жомарт.

2–8 наурызға арналған жұлдыз-жорамал: жұлдыздар сізге не дайындады?

02 марта 2026

Наурыздың алғашқы аптасы толықтай тыныш өтпек. Дем алып, өміріңізде болып жатқан жайттарға жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік туады. Дегенмен көпшілік үшін эмоциялық фон сәл құбылмалы болуы мүмкін. Мұны әлсіздік деп қабылдамаңыз: сезімталдық өзіңізді де, айналаңызды да тереңірек түсінуге көмектеседі. Ал әр жұлдыз белгісіне жұлдыздар не әзірледі? Толығырақ — Harper’s BAZAAR Kazakhstan ұсынған апталық жұлдыз-жорамалында.

Тоқты

Сіз әрекетсіз отыра алмайтын жандардың бірісіз, өзгелер сізді батыл әрі шешімді тұлға ретінде көреді. Алайда дәл қазір қарқынды сәл баяулатқан жөн. Жұмсақ әрекет етіп, өзгелердің пікіріне құлақ асыңыз. Кейде оқиғалардың табиғи өрбуіне мүмкіндік берген пайдалы. Бұл әлсіздік емес, сабыр сақтап, көбірек байқай білу.

Торпақ

Соңғы уақытта еңбегіңіз еленбей жатқандай сезім болуы мүмкін. Жұмыстағы талпыныстарыңызға жауап жоқ, ал жалғыздық үйреншікті күйге айналғандай. Осы аптада өз-өзіңізге тұйықталмаңыз. Қарым-қатынасқа алғашқы қадам жасаңыз: сағынған адамдарыңызға хабарласыңыз, достарыңызды кездесуге шақырыңыз, әріптестермен ортақ кеш ұйымдастырыңыз. Бастаманы өз қолыңызға алатын кез келді.

Егіздер

Сіз өзіңізге әрдайым талапшыл болдыңыз, бірақ соңғы кезде ішкі сын тым күшейіп кеткен. Ыңғайсыз сәттер мен біреуді ренжітіп алған кездер ойыңыздан кетпей жүр. Өткенді жіберіп, өзіңізді шексіз уайыммен жазаламауға тырысыңыз. Сәл еркіндік беріңіз. Сенбіге қарай жаңа адамдармен танысып, тың дүниелерді байқап көруге жақсы мүмкіндік туады.

Гороскоп на неделю со 2 по 8 марта: что вам приготовили звезды?
Фото. Дауир Жомарт.

Шаян

Сіз ойлағаннан әлдеқайда батылсыз. Күнделікті тіршілік кейде күш-қуатты сарқып, қуаныш пен еркіндікке орын қалдырмайды. Осы аптада тәуекелшіл қырыңызды еске түсіріңіз. Ішкі балаңыздың үнін тыңдап, шабыт үшін кейбір шаруаларды кейінге қалдырудан қорықпаңыз. Демалыс күндерін жоспар құруға арнаңыз: алдағы екі айға мақсаттарыңызды жазып, армандарыңызды шектемеңіз.

Арыстан

Әдетте сіз оптимизмге толысыз, бірақ соңғы қиындықтар сеніміңізді әлсіреткен болуы мүмкін. Бұл апта өз күшіңізге деген сенімді қайтарады. Жаныңызға жақын адамдардан қолдау іздеңіз — пікірлес жандардың ортасында уайым сейіледі. Апта соңында жеке өмірде жағымды жаңалықтар күтіледі.

Бикеш

Бұл аптада уайымдарыңызбен ұзақ уақыт жалғыз қалмау маңызды. Бір ойды қайта-қайта ой елегінен өткізу болашаққа қатысты үрей мен күмәнді күшейтеді. Жақындарыңыздың қолдауын қабылдаңыз — олардың пікірі жағдайға басқа қырынан қарауға көмектеседі. Жұлдыздар шынайы сезімдерге қолдау білдіреді: егер біреуге махаббатыңызды айтқыңыз келсе, дәл қазір сәтті кезең.

Гороскоп на неделю со 2 по 8 марта: что вам приготовили звезды?
Фото. Дауир Жомарт.

Таразы

Іште жиналған эмоциялар сыртқа шығуға дайын тұр. Ашуды немесе ренішті елемей қою енді мүмкін емес. Сезіміңізді ашық айтуға тырысыңыз, тіпті бұл қарым-қатынасқа әсер етуі ықтимал болса да. Демалыс күндері ішкі тепе-теңдікке көңіл бөліңіз: баяу серуен, тыныс алу жаттығулары, йога немесе жанды тыныштандыратын кез келген іс пайдалы. Ішкі үйлесім артқан сайын күш-қуат та тез қалпына келеді.

Сарышаян

Кейде алғашқы қадамды жасамай жатып-ақ армандарыңыздан бас тартасыз. Мақсаттар қолжетпес, идеялар тым күрделі, ал үміттер орындалмайтындай көрінуі мүмкін. Дегенмен осы кезеңде тәуекел етіп, мүмкін емес көрінген дүниеге ұмтылып көріңіз. Өмір тосын сыйларға толы — әрі олардың бәрі алдын ала болжана бермейді.

Мерген

Басымдықтарыңызды қайта қарастыратын уақыт келді. Өзіңізге шамадан тыс жүк арттыңыз, соның салдарынан әбден қажыдыңыз. Шаршағаныңыз үшін өзіңізді жазғырмаңыз — керісінше, қозғалыс арқылы күйзелісті шығарыңыз. Серуендеу, әуен қосып үй жинау немесе эмоцияны сыртқа шығарудың кез келген тәсілі пайдалы. Ішкі қысым азайғанда, алға қарай бағыт та айқындала түседі.

Гороскоп на неделю со 2 по 8 марта: что вам приготовили звезды?
Фото. Дауир Жомарт.

Тауешкі

Сіз көбіне жағдайға байыппен қарайтын жалғыз адамдай сезінесіз. Өзгелер күмәнді идеяларға берілсе, оларды ақылға шақыруға тырысасыз. Алайда қазір дәлелдеуден гөрі тыңдау маңызды. Сезімталдық танытып көріңіз — кейде түсіністік дұрыс болудан да құнды.

Суқұйғыш

Өзіңізге әділетсіздік жасалып жатқанын сезсеңіз, үнсіз қалмаңыз. Жеке шекараңызды қорғау — маңызды. Аптаның жұмыс күндері эмоциялар шиеленісті болуы мүмкін, сондықтан өзіңізге уақыт бөліп, аздап оңашаланған жөн. Ішкі диалог тепе-теңдікті қалпына келтіруге көмектеседі. Сонымен қатар денсаулықты да назардан тыс қалдырмаңыз — профилактикалық тексеріс артық етпейді.

Балықтар

Наурыз шаршау мен ішкі босап қалу сезімімен басталуы ықтимал. Көбірек демалып, су балансын сақтап, жұмыс пен жеке өмірдің ара-жігін нақты ажыратыңыз. Қазір жаңа деңгейге ұмтылу үшін тым көп күш жұмсап жүрсіз, бұл қажытады. Психологиялық жай-күйді бірінші орынға қойған сәтте, істеріңіз де алға баса бастайды.


Автор. Жанель Муканова. Аударған. Гүлдана Мұқан.

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше