Happy 35! Аша Матай Мальдив аралдарында туған күнін дүркіретіп атап өтті

22 декабря 2023

Аша Матай 35-ке толды! Танымал актриса әрі тележүргізуші туған күнін Мальдив аралдарында дүркіретіп атап өтті. Медиа тұлға төл мерекесінде ет жақындарының бәрін шет елге жинаған. Романтикаға толы әсерлі кеште Ашаның күйеуі Арман Қоңырбаев пен екі кішкентай ханшайымы жанынан табылды.

Ашаны құттықтап, Баян Алагөзова күйеуі және анасымен, Бағым Мұхитдинова жарымен, телепродюсер Ғалия Байбосынова да арнайы Мальдив аралдарына барған. Birthday party-де жүрекжарды тілектер айтылып, Ақботаға бағалы сыйлықтар тарту етілді. Олай болса, біз де Ашаны төл мерекесімен құттықтаймыз!

Аша жаңа жыл қарсаңында отбасымен дәл осы аралда демалып жатыр. Желіде ауқымды аудиториясы бар жұлдыз, сапарынан әдемі кадрларды ұмытпай бөлісіп отырады.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @asha_matai

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше