Наурыз айына арналған сән жұлдызнамасы: барлық жұлдыз белгілеріне
Фото. Spotlight

Наурыз айына арналған сән жұлдызнамасы: барлық жұлдыз белгілеріне

27 февраля 2026

Жаңа кезеңнің басталуы әрдайым толқумен келеді. Оның үстіне көктем де есік қағып тұр. Астрологтардың айтуынша, аспан денелері біз үшін барынша үйлесімді орналасуда, сондықтан батыл әрекет етуге толық мүмкіндік бар. Қызметте өсуді қалайсыз ба? Дәл қазір – ең қолайлы уақыт. Өзіңіздің ең үздік нұсқаңызға айналғыңыз келе ме? Барлық мүмкіндік өз қолыңызда. Ал наурыз айына арналған сән жұлдызнамасы өзгерістерге қандай киімдер мен гардероб бөлшектері серік болатынын меңзейді.

Тоқты

Өміріңіздің жаңа тарауын ашуға асығып жүрсіз. Алайда ретроградты Меркурий жоспарларға аздап кедергі келтіруі мүмкін. Соған қарамастан, ойыңыздан бас тартпаңыз. Тек сақтық танытып, алға жылжи беріңіз. Ыңғайлы әрі сәнді балеткалар бұл жолда сенімді серікке айналады.

Модный гороскоп март для всех знаков зодиака
KHAITE

Торпақ

Бұл ай өзін-өзі саралаусыз өтпейді. Дегенмен өткенге шамадан тыс үңілуге болмайды, әйтпесе сол кезеңде ұзақ бөгеліп қалуыңыз мүмкін. Айналаңыздағы адамдарға көбірек назар аударыңыз: пайдалы таныстықтар, жаңа кездесулер, тіпті болашақ серіктестің пайда болуы да ғажап емес. Романтикалық әрі нәзік болмысыңызды ашатын әсем көйлек артық етпейді.

Модный гороскоп март для всех знаков зодиака
Max Mara

Егіздер

Қазір сіз бар зейініңізді жұмысқа бағыттайсыз. Жаңа жетістіктер, мансаптағы өсу немесе компания ауыстыру туралы ойлар өміріңізге қарқынды енуі мүмкін. Бірақ байыппен қабылданған шешімдер ғана табысқа жетелейді. Бос уақытта көбірек серуендеп, жаттығуға көңіл бөліңіз. Жылы әрі жайлы спорттық костюм қажетке жарайды.

Шаян

Шаяндар үшін өте белсенді кезең басталды. Бір жағынан бұл қуантады, екінші жағынан шаршау сезімі мазалауы мүмкін. Қазір шамадан тыс жүктеме алу оңай. Сондықтан уақытылы үзіліс жасап, демалуды ұмытпаңыз. Демалыс күндері қайда барсаңыз да, ең бастысы – заттарыңызды ыңғайлы әрі сыйымды сөмкеге жинаңыз.

Модный гороскоп март для всех знаков зодиака
STAND OIL

Арыстан

Бұл ай рухани өзгерістерге толы болғанымен, сыртқы келбетке де көңіл бөлген жөн. Әңгіме тек киімде емес, шаш үлгісі, макияж және тіпті жүріс-тұрысыңыз туралы. Көптен бері армандаған бейнеңізге айналыңыз. Сәнді әрі әсерлі образдарыңыз ішкі өзгерістеріңіздің айқын көрінісіне айналсын

Бикеш

Қарым-қатынас – сіздің мықты тұсыңыз. Бұл жеке өмірге де, іскерлік байланыстарға да қатысты. Алайда ашықтығыңыз кейде күйзеліске әкелуі мүмкін. Сондықтан әр жағдайға бар күшіңізді сарп ете бермеңіз. Адамдарды өзіңізге тартуды жалғастырыңыз, бірақ психологиялық жайлылықты сақтаңыз. Ерекше аксессуарлар образыңызды толықтырып, талай комплиментке ие етеді.

Таразы

Сіз жоспар құрып, бәрін таразылап, саралағанды ұнатасыз. Наурыз бойы дәл осы іспен айналысасыз. Бұл гардеробқа да қатысты. Көктем – шкафты ретке келтіріп, ескірген дүниелермен қоштасуға тамаша уақыт. Ал олардың орнын сергек, нәзік әрі заманауи образдар бассын.

Сарышаян

Наурыз айындағы сән жұлдызнамасы өзгерістерді уәде етеді. Оның ауқымды не шағын болуы өзіңізге байланысты. Белгілі бір мақсат қойсаңыз, оған жету әбден мүмкін. Сонымен қатар физикалық белсенділікті ұмытпаңыз: жүгіру, жылдам серуен немесе ашық ауадағы жаттығу – бәрі пайдалы. Оның үстіне жаңа кроссовкаларыңызды көрсетуге тамаша себеп.

Модный гороскоп на март для всех знаков зодиака
adidas Originals

Мерген

Бикештер коммуникацияның шеберіне айналса, Мергендер бұл салада сәл баяу болуы мүмкін. Дегенмен талпыныстан бас тартпаңыз. Қажет болса, өзіңізбен-өзіңіз қалып, тынығуға уақыт бөліңіз. Қазір шығармашылық пен денсаулық басты назарда болуы тиіс. Спорттық стильдегі жиынтық күнделікті де, саяхатта да таптырмас таңдау.

Модный гороскоп на март для всех знаков зодиака
adidas by Stella McCartney

Тауешкі

3 наурыздағы тұтылу дүниетанымыңызға әсер етіп, өміріңізге өзгеріс әкелуі мүмкін. Бұл сізді жаңа образдарға батыл қадам жасауға жетелейді. Неге күтпеген стильді байқап көрмеске? Ерекше топ пен белдемше сәндік эксперименттерге мінсіз үйлеседі.

Суқұйғыш

Суқұйғыштар да имиджін жаңартуы ықтимал жұлдыз белгілерінің бірі. Әдетте еркін әрі креативті болуға ұмтылғанымен, кейде кәсіби кеңес артық болмайды. Мүмкін стилист көмегіне жүгінерсіз немесе әлеуметтік желідегі трендтерге назар аударарсыз. Қалай болғанда да, батыл болыңыз — нәтижесі қуантады.

Балықтар

Зодиак шеңберін дәстүрлі түрде Балықтар аяқтайды. Наурызда олар ерекше қуатқа ие болады. Бар күшті бірден бәріне жұмсамай, өзіңіз үшін маңызды бағыттарды таңдаңыз. Әдемі әрі үйлесімді образ сыйлаңыз. Бұл міндетті түрде көйлек болуы шарт емес — нәзік әрі сәнді комбинезон да тамаша таңдау.

Модный гороскоп на март для всех знаков зодиака
ANNAFOXY

Автор. Мария Бурлака. Аударған. Гүлдана Мұқан. Фото. Брендтердің баспасөз қызметі.

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше