«I said YES, of course»: M’Dee Париж төрінде сүйіктісіне ұсыныс жасады
Фото. Instagram @hsnglsm

«I said YES, of course»: M’Dee Париж төрінде сүйіктісіне ұсыныс жасады

Гүлдана Мұқан
16 февраля 2026

Махаббаттың мекені саналатын Париж бұл жолы тағы бір әдемі хикаяның куәсі болды. Танымал музыкант, продюсер M’Dee сүйіктісі, блогер Гүлсезім Хасенге романтикалық ұсыныс жасап, жүрегін ғана емес, жүзігін де сыйлады.

Айрықша сәт Париждің символы — Эйфель мұнарасы маңында өтті. Әсем көрініс, дүрсілдеп соққан ғашық жүрек, күтпеген тосын сый — барлығы бір сәтке тоғысты. Мұндай романтикалық ұсынысты Мади достарымен бірге барған сапары барысында алдын ала мұқият жоспарлаған.

Үш жылға созылған махаббат хикаясы ең маңызды сұраққа келіп тірелді. Ал жауап көп күттірмеді: «I said YES, of course». Гүлсезім сүйіктісінің ұсынысын қуана қабыл алып, қос жүрек жаңа кезеңге қадам басты. Қуанышты жаңалықты ғашықтар жеке Instagram парақшаларында бөлісіп, оқырмандарынан сүйінші сұрады.

Сонымен қатар, M’Dee бұл ерекше кезеңді шығармашылығымен де айшықтады. Ол сүйіктісіне арнап жаңа туындысын ұсынып, «Спутник» әніне түсірілген бейнебаянның басты кейіпкері ретінде Гүлсезімді таңдаған. Өнер мен өмір үндескен бұл сәт қос ғашықтың сезімін одан әрі тереңдете түскендей.


Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше