Подиумнан көшеге: Бұршақ өрнекті туфлилер биылғы маусымда ерекше сұранысқа ие
Фото. Spotlight. Patbo, көктем-жаз 2026

Подиумнан көшеге: Бұршақ өрнекті туфлилер биылғы маусымда ерекше сұранысқа ие

20 апреля 2026

Жылы маусымда тағы бір ірі тренд айқындала бастады — бұршақ өрнекті туфлилер. Harper’s BAZAAR España басылымының хабарлауынша, көктем-жаз маусымына арналған сән апталығы барысында-ақ ойнақы принтпен көмкерілген әсем аяқ киімдер көзге түскен еді. Dior, MSGM, Christian Siriano, Vetements және Patbo бұл үрдісті қолдап, өз нұсқаларын ұсынды. Толық мәліметті Harper’s BAZAAR Kazakhstan баяндайды.

Индустриялық революцияға дейін бұршақ өрнек аса сүйікті оюлардың қатарында болмаған. Оның басты себебі — шеберлерге бұл өрнекті матаға қолмен түсіруге тура келетін. Арнайы техниканың жоқтығынан оны біркелкі әрі дәл орналастыру өте қиын еді. Алайда өнеркәсіптік төңкерістен кейін бұл өрнек біртіндеп кең танымалдыққа ие болды.

XX ғасырда қарапайым болғанымен әсерлі көрінетін бұл ою-өрнек Мэрилин Монро, Ава Гарднер және ханшайым Диананың гардеробынан да орын алды. 1950-жылдары бұршақ принті үлгілі үй шаруасындағы әйелдердің стилімен байланыстырылса, 1980-жылдары ол максимализмнің символына айналды.

Бүгінде бұл өрнек сән әлеміндегі өз орнын қайтадан айқын бекітіп отыр. Шын мәнінде, ол фэшн индустриясынан ешқашан толық кеткен емес. Бірақ егер бұршақ өрнекті көйлектер, белдемшелер мен блузкалар кейбіреуге сәл жалықтырған болса, онда мюли мен туфлилердегі бұршақ принті — тың әрі сергек шешім.

Айта кетерлігі, брендтер тек классикалық, ұстамды түстермен шектелмей, жарқын әрі батыл үлгілерді де ұсынды. Patbo реңктердің алуан түрлілігімен ерекшеленсе, MSGM өз жұптарына қысқа шашақ қосып, образға ерекше екпін берген. Әзірге стритстайл жұлдыздары өрнекті аяқ киімді аса жиі таңдай қоймағанымен, бұл — уақыттың еншісіндегі мәселе ғана.


Автор. Мария Бурлака. Аударған. Гүлдана Мұқан. Фото. Брендтердің баспасөз қызметі.

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше