Рианнаның үйіндегі атысқа айыпталған әйел сотта мәлімдеме жасады
Фото. Shutterstock.com. Автор. Andrea Raffin.

Рианнаның үйіндегі атысқа айыпталған әйел сотта мәлімдеме жасады

27 марта 2026

Рианнаның үйінің маңында болған атыс ісі бойынша айыпталған Иванна Ортис сотта сөз сөйледі. People басылымының мәліметінше, оған кісі өлтіруге оқталу, жартылай автоматты қарумен жасалған бірнеше қарулы шабуыл, сондай-ақ тұрғын үйге оқ ату баптары бойынша айып тағылып отыр. Алайда әйел өзіне тағылған барлық айыпты толықтай жоққа шығарған. Егер тергеу барысында оның бұл іске қатысы дәлелденсе, оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Обвиняемая в стрельбе у дома Рианны сделала заявление в суде
Фото. Shutterstock.com. Автор. Fred Duval.

Оқиға 8 наурыз күні болған. Иванна Ортис Рианна, A$AP Rocky және олардың үш баласы тұратын үйге көлікпен келіп, AR үлгісіндегі винтовкадан оқ атқан. Сол сәтте отбасы үйде болған. Абырой болғанда, оқиға салдарынан ешкім зардап шекпеген. Алайда дереккөздердің айтуынша, бұл жағдай әншіні қатты күйзелткен.

Қазір әншінің үйі маңындағы атысқа айыпталған әйел қамауда отыр. Сот қорғаушылардың өтінішіне қарамастан, кепіл сомасын азайтудан бас тартты. Қазіргі уақытта оның мөлшері 1,8 миллион долларды құрайды. Билік өкілдері оқиғаның себебін де анықтауға тырысуда. Әзірге нақты себеп белгісіз. Дегенмен, құқық қорғау органдарының назарын әйелдің бұған дейін әлеуметтік желілерде жариялаған күмәнді жазбалары аударып отыр.


Автор. Жанель Муканова. Аударған. Гүлдана Мұқан.

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше