Сарапшылардың айтуынша, соңғы 20 жыл ішінде сезімтал теріге ие адамдардың саны 68 пайызға артқан. Дегенмен, тек сезімтал тері иелері ғана беттегі түрлі кемшіліктермен бетпе-бет келмейді. Қызаруды азайтуға арналған сарысулар — терідегі артық тітіркену мен қызаруды басудың тиімді тәсілдерінің бірі. Дерматологтар біздің гайдта ұсынылған косметикалық өнімдер тері аурулары кезінде, қорғаныштық барьердің бұзылуында және түрлі бөртпелер пайда болған жағдайда да көмектесе алатынын айтады. Алайда кез келген косметикалық өнімді қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігеріңізбен кеңескен дұрыс.
Мамандар қызаруға себеп болатын кеңейген тамырлармен ең белсенді күресетін компоненттерді де атап өтті. Олардың қатарында ниацинамид, пантенол, глицерин, азиялық центелла, сұлы экстракттары, эктоин, аллантоин, липидтер мен керамидтер бар. Harper’s BAZAAR Kazakhstan редакциясы дайындаған қызаруға қарсы сарысулар топтамасында дәл осы пайдалы ингредиенттер бар. Ендеше, олармен жақынырақ таныс болыңыз.
SkinCeuticals
Anua
Erborian
Beauty of Joseon
Medik8
La Roche-Posay
Harper's BAZAAR UK мақаласының түпнұсқасын сілтеме арқылы оқи аласыз.
Автор. Мария Бурлака. Аударған. Гүлдана Мұқан. Фото. Брендтердің баспасөз қызметі.