2026 жыл толықтай өзгерістер кезеңі болмақ. Ал көктемнің соңғы айы маңызды әрі тағдыршешті сәттерге толы. Мамырға арналған сән жорамалымыз дәл қазір қандай сатып алулар жасау керегін анықтауға көмектеседі. Себебі сыртқы келбет адамның ішкі күйіне тікелей әсер етеді. Біз таңдаған образдар көңіл күйімізді, сенімділігімізді және энергиямызды өзгертеді. Harper’s BAZAAR Kazakhstan мамыр айында назар аудару керек дүниелер туралы баяндайды.
Тоқты
Бұл айды оңай деп айту қиын, бірақ сіз де осал жандардың қатарынан емессіз. Қазір ішкі трансформацияға таптырмас уақыт. Сондықтан алдымен арылудан бастаңыз: ескі негативті ойлардан да, кимейтін киімдерден де. Олардың орны міндетті түрде жаңамен толығады. Мысалы, еліктірер көйлекпен.
Торпақ
Мамыр тыныш өтетіндей көрінгенімен, бұл қол қусырып отыратын уақыт емес. Белсенділікті өміріңіздің барлық саласына енгізіңіз. Әсіресе спортқа көңіл бөліңіз. Жаңа спорттық киім жиынтығы жаттығуға да, таза ауадағы серуенге де жарасады.
Егіздер
Егіздер үшін мамыр — ерекше маңызды ай. Өміріңіз қайнап, жаңа мүмкіндіктерге толы болмақ. Сондықтан бұл кезеңді жіберіп алмаңыз. Энергия, харизма және сәттілік сіз жақта болады. Образыңызды ерекше аксессуарлармен толықтырып, даралығыңызды айқындаңыз.
Шаян
Бұл айда жеке өмір мен үйдегі атмосфера ерекше назар талап етеді. Серігіңізбен және жақындарыңызбен қарым-қатынасқа көңіл бөліңіз. Егер әзірге жұбыңыз болмаса да, романтикалық кездесулердің болуы әбден мүмкін. Қалай болғанда да, еліктірер іш киім артық етпейді — ол әрдайым сенімділік сыйлайды.
Арыстан
Әлеуметтік өміріңіз қыза түседі. Көктемнің соңы — пикник, саяхат және жаңа жоспарлардың уақыты. Осындай сәттерге арналған кең шопер немесе тоут сөмкеңіз бар ма? Егер жоқ болса, оны іздейтін уақыт келді.
Бикеш
Тұрақтылық ақыры өміріңіздің бір бөлігіне айналды. Қиын әрі құбылмалы кезеңдер артта қалды, енді аздап тынығуға болады. Ең жақын адамдарыңызға арналған кеш ұйымдастырыңыз: дәмді тағамдар, жылы әңгімелер және ойнақы образ бәріне ұнайтыны анық.
Таразы
Жеңілдік пен рахатқа толы кезең жақындап келеді. Оған алдын ала дайын болыңыз. Мамырға арналған сән жорамалы сізге ыңғайлы әрі әдемі аяқ киім таңдауға кеңес береді. Ол тіпті ең қарапайым образдың өзін көктемгі әрі жарқын етіп көрсетеді.
Сарышаян
Мамыр Сарышаяндар күткендей тыныш болмауы мүмкін. Бірақ бұл өзіңізге тұйықталуға себеп емес. Жақындарыңызға арқа сүйеп, көңілді демалыс арқылы сергіңіз. Бассейн жанындағы кеш пе? Тамаша. Шатырдағы кездесу ме? Одан да жақсы. Сәнді образды үйде отыру үшін таңдамағаныңыз анық.
Мерген
Мергендер үшін де бұл ай өзгерістер мен трансформацияларға толы болады. Таңғалатыныңыз — уақыттың бәріне жететіні: жұмысқа да, үйге де, серігіңізге де, шығармашылыққа да. Осынша іске үлгеруге не көмектеседі? Белсенді қыздардың сенімді серігіне айналған практикалық күдері сөмке.
Тауешкі
Ұсақ қиындықтар мазалауы мүмкін, дегенмен ай өте белсенді, жарқын әрі мазмұнды өтеді. Жаңа таныстықтар артық болмайды, ал қаржылық жағдайыңыз қайта көтеріле бастайды. Еңбегіңіз үшін өзіңізді кез келген уақытта қуанта аласыз. Мысалы, ерекше жаздық босоножкалармен.
Суқұйғыш
Мамыр тосынсыйлар мен шығармашылыққа толы болмақ. Бірақ уақытында жерге түсіп, күш-қуатты да сақтау маңызды, әйтпесе энергияңыз тез сарқылады. Өткен өміріңізден біртіндеп алыстап, болашақ енді ғана есік қағып тұр. Барлығын бақылауға алып, аздап тынығыңыз. Теңіз жағасында немесе бассейн маңында өткізілген бірнеше күн көп мәселені шешеді.
Балықтар
Мамырға арналған сән жорамалы сізді импульсивті әрі ойланбай жасалған шығындардан сақтандырады. Бірақ шынымен қажет заттарды шопинг тізіміне қосудан қорықпаңыз. Мысалы, жұмысқа да, серуенге де, шағын саяхатқа да жарайтын ыңғайлы кедалар. Сонымен қатар бас киім де артық болмайды.
Автор. Мария Бурлака. Аударған. Гүлдана Мұқан. Фото. Брендтердің баспасөз қызметі.