Душқа арналған майлар нәзік көбіктенетін формулаларының арқасында тіпті ең тиімді гельдердің өзін біртіндеп ығыстырып келеді. Бұл өнімдер ерекше күтіммен әзірленген және көбіне тері мәселелері бар жандарға да сай келеді. Олар құрғақтықтан қорғайды, теріні терең қоректендіріп, оның табиғи қорғаныш қабатын қалпына келтіруге көмектеседі. Өсімдік тектес компоненттер қажетті нәтижеге жұмсақ әрі қауіпсіз түрде жеткізеді.
Айта кетерлігі, кейбір косметикалық құралдардың құрамында хош иісті ингредиенттер бар — олар таңертең көңіл күйіңізді көтеруге де әсер етуі мүмкін. Өнімдердің жібектей жұмсақ текстурасы, гельдер, сабын немесе көбік секілді, кездейсоқ шырышты қабыққа тиген жағдайда да жайсыздық тудырмайды.
EUCERIN (1)
GIVENCHY
L'Occitane
L'Occitane
PAYOT
SVR
URIAGE
Автор. Мария Бурлака. Аударған. Гүлдана Мұқан. Фото. Брендтердің баспасөз қызметі.