Қазақстандық танымал әнші Luina тыңдарманына ерекше қуанышты жаңалығын жеткізді. Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында екінші сәбиіне жүкті екенін жариялап, оқырманын жылы эмоцияға бөледі. Эстрада жұлдызы мұндай тосый сыйды нәзік әрі әсерлі фотосессия арқылы бөлісіп, жанкүйерлерінен көптеген құттықтау мен ақ тілектер қабылдады.
Айта кетейік, Luina алғаш рет 2020 жылы ана атанған еді. Әнші мен жұбайы Артём Обуховтың тұңғышы - ұл. Ал болашақ сәбидің жынысы әзірге белгісіз. Өнер иесінің бұл жаңалығы оның өміріндегі ең бақытты кезеңдердің біріне айналып отыр. Соңғы уақытта әнші шығармашылығын да қатар дамытып, тың туындыларымен көпшіліктің ықыласына бөленіп жүр. Енді жанкүйерлері Luina-ның ана атануға дайындалып жатқан ерекше кезеңін қызығушылықпен бақыламақ.