Мамыр айының сәнді инвестициясы: не сатып алған жөн?
Фото. Брендтердің баспасөз қызметі.

Мамыр айының сәнді инвестициясы: не сатып алған жөн?

06 мая 2026

Мамыр айы енді басталса да, көпшілігіміз аптап ыстық маусымға қазірден дайынбыз. Сондықтан дәл осы кезеңнің сән бағытын айқындайтын стильді fashion-инвестиция қажет. Белдемшемен біріктірілген каприге қалай қарайсыз? Rabanne 50-жылдардың эстетикасын нөлінші жылдардың батыл акцентімен үйлестірген ерекше модель ұсынады. 2000-жылдары it-girl арулар туниканы джинсымен үйлестіріп киюді трендке айналдырған еді. Енді сол сән концепциясы бір ғана киім үлгісінде жаңаша көрініс тапты. Барлық детальдар туралы Harper’s BAZAAR Kazakhstan материалында.

Капри — 2025 жылдың басты трендтерінің бірі болып, 2026 жылға да сенімді түрде қадам басты. Ал «сливочный май» реңкі бұл маусымда бұрынғыдан да өзекті түске айналды. Rabanne қысқа шалбар-юбканы әсерлі топтармен және көз тартатын аксессуарлармен үйлестіруді ұсынады — дәл брендтің көктем-жаз көрсетіліміндегідей.

Мұндай сәнді инвестиция қалалық пикникке де, жағажай серуеніне де, қала сыртындағы демалысқа да, жақын құрбылармен түскі асқа да тамаша жарасады.

Модная инвестиция мая: что стоит купить?
Фото. Spotlight. Rabanne, көктем-жаз 2026

Автор. Мария Бурлака. Аударған. Гүлдана Мұқан.

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше