Picnic by Partners фестивалінің он екі жылдық тарихына қарап, оның идеал әрі алдын ала болжанатын формуласын жасап шығаруға болатын еді. Алайда бұл жолы бәрі өзгеше. 13 маусым күні Алматыда ашық аспан астындағы дәстүрлі формат өткен маусымдарға ұқсамайтын, тың әрі зерттелмеген жаңа құрылымға жол береді.
2026 жылы аңызға айналған Picnic өз форматын түбегейлі қайта өзгертіп, үйреншікті open-air іс-шарадан ауқымды иммерсивті манифестке айналмақ. Бұл жолы концепция толықтай жасанды интеллектке сеніп тапсырылды. Оның нәтижесін жуырда Алматының көркем табиғатындағы Almaty Resort шипажайында өтетін басты мәдени жиында көреміз. Мұнда елдің трендсеттерлері, креаторлары, пікір көшбасшылары, суретшілері және Қазақстанның заманауи мәдениетін күн сайын қалыптастырып жүрген тұлғалар бас қосады. Ал әзірге біз сіздерге осы ауқымды оқиғаның ең қызықты инсайдерін ұсынамыз.
Harper’s BAZAAR Kazakhstan кеңістіктерінің эпицентрі
13 маусымда Almaty Resort-та не болатынын толық түсіну үшін тарихқа көз жүгірткен жөн. Harper’s BAZAAR журналының тарихы 1867 жылы Нью-Йоркте басталған. Әлемдегі ең алғашқы әрі ең көне әйелдерге арналған сән журналы ретінде ол бір жарым ғасырдан астам уақыт бойы сән, стиль және luxury әлемінің басты арбитрі болып келеді.
Ал Picnic by Partners 12 жыл ішінде таңғаларлық эволюциядан өтті: бір кездері медиахолдингтің серіктестері мен «өз адамдарына» арналған жабық, шағын форматтағы кеш ретінде басталған жоба бүгінде Алматы шекарасынан асып, басқа өңірлерді де бағындырған культтік қалалық қозғалысқа айналды.
Осындай деңгейдегі медиа жергілікті жобалармен тоғысқанда, бұл ойын ережелерін түбегейлі өзгертеді. Harper’s BAZAAR Kazakhstan-тың беделі Picnic-ті классикалық open-air форматынан ауқымды мәдени оқиға деңгейіне көтеріп отыр. Себебі Қазақстанда бір кеңістікте бірден үш әлемдік культтік басылымның — Harper’s BAZAAR, Esquire және Elle — концепцияларын біріктіретін басқа іс-шара жоқ.
Дәл осы экожүйеде Harper’s BAZAAR Kazakhstan аймағы — глянц стилі, интеллектуалды диалог және ұлттық кодтарға деген терең құрметтің ерекше синергиясы. Жасанды интеллект әзірлеген Picnic-тің жаңа концепциясы біздің брендтің ДНҚ-сымен тамаша үндеседі: нейрожүйе де журнал секілді трендтерді саралап, болашаққа көз жүгіртіп, визуалды мәдениеттің үздік элементтерін бір кодқа біріктіреді.
Біз жаһандық fashion-трендтерді жергілікті болмыспен ұштастырып, сапалы нетворкингке, батыл идеялар алмасуға және жарқын коллаборациялардың тууына арналған орта қалыптастырамыз. Сондықтан біздің алаңда дәл қазір тренд қалыптастырып, оны дамытып, қаланың мәдени ритмін алға жылжытып жүрген жарқын тұлғалар жиналады.
Жұлдызды қонақпен Public Talk
Қонақтарға арналған бағдарлама қазірдің өзінде аса мазмұнды болғалы тұр. Алайда оның басты хайлайты — Harper’s BAZAAR Kazakhstan арнайы қонағымен өтетін ашық әңгіме. Үлкен сахнаға заманауи сән индустриясының ең ықпалды, әрі жарқын инсайдерлерінің бірі — Гоша Карцев шығады.
Қонақтарды шынайы, терең әрі иронияға толы public talk күтеді. Әзілге толы өткір стилімен танымал Гоша өз аудиториясымен бүгінгі трендтерді талдап, болашақ сәні мен визуалды мәдениет жайлы ой бөліседі. Егер сіз де ол секілді total black стилін гардеробтағы жалғыз легитимді түс деп санасаңыз — бұл кездесудің дресс-коды сіз үшін әлдеқашан мақұлданған.
Әлеуметтік желілеріміз бен сайттағы жаңартуларды бақылап отырыңыздар — жақын арада бұл ауқымды оқиға туралы жаңа детальдарды бөлісе бастаймыз.
Ностальгия мен би: алғашқы хедлайнер
Күн нұры Алатау бөктеріне қарай еңкейе бастағанда, әңгімелердің орнын шексіз би алмастырады. Бас сахнадағы ностальгиялық атмосфераға музыкалық хедлайнер — харизмалы Том Боксер жауап береді. Morena, Deep in Love және басқа да платиналық хиттерді бірге шырқап айтуға дайын болыңыздар!
Picnic by Partners 2026 — сапалы қарым-қатынас пен мәдени алмасу құндылықтарын бөлісетін жандардың басты тартылыс нүктесі. Егер бұл визуалды әрі менталды код сізге жақын болса — 13 маусымда Almaty Resort-та кездескенше!
Билеттер қазірдің өзінде сатылымда, ал үлкен мерекенің толық бағдарламасын жуырда жариялаймыз.
Автор. Жанель Муканова. Аударған. Гүлдан Мұқан. Фото. Picnic by Partners.