Picnic by Partners: Жаздың басты open-air ивентіне арналған 5 сәнді аутфит
Фото. Брендтердің баспасөз қызметі.

Picnic by Partners: Жаздың басты open-air ивентіне арналған 5 сәнді аутфит

28 мая 2026

Алматыда жаздың басталуы дәстүрлі түрде Picnic by Partners фестивалімен атап өтіледі. Биылғы ауқымды open-air шарасы 13 маусымда Almaty Resort-та өтеді. Іс-шараға трендсеттерлер, суретшілер, креаторлар және сүйікті қаламыздың мәдениетін қалыптастырып жүрген жандар жиналмақ. Қонақтарды көптеген тосын сыйлар мен біздің культтік басылымдар арқылы ашылатын жаңа формат күтеді. Айта кетейік, Harper’s BAZAAR Kazakhstan-тың арнайы қонағы — сән әлемінің басты инсайдері, стилист әрі дизайнер Гоша Карцев. Ол қонақтардың аутфиттерін жан-жақты талдап, өзінің стильдік құпияларымен бөліседі. Сондықтан бұл кешке толық дайындықпен келген жөн! Ал сізге образ таңдауды жеңілдету үшін сәнге қатысты шағын шпаргалка дайындадық.

Таңдау жасаудан шаршағандар үшін

Сандал немесе балетка, сүйікті футболка мен деним, күннен қорғайтын көзілдірік және Jane Birkin стиліндегі сөмке — жаз бойы кигің келетін мінсіз образ дәл осындай. Артық сәнделген, тым күрделі киімдерді басқа күнге қалдырған дұрыс: ештеңе сізге демалуға, дедлайндарды ұмытып, Picnic-ті жақындарыңызбен жайлы атмосферада өткізуге кедергі болмасын.

Трендтен қалмайтындар үшін

«Кішкентай қара көйлек» пен жарқын көйлектің арасынан таңдау жасасаңыз — екіншісін таңдаңыз. Флоральды өрнек жаз маусымында әрдайым өзекті болса, polka dot қайтадан тренд шыңына шықты. Екі нұсқа да көңіл-күйге жеңілдік сыйлап, назарды өзіңізге аударады. Пикник маусымындағы тағы бір fashion-айла — дастарқанға ұқсайтын сарафан. Нағыз стильді «самобранка» секілді көрінеді! Ал жеміс-жидек пен көкөніс пішініндегі сөмкелер JW Anderson-ның әйгілі «көгершін» сөмкесін де ығыстырып жіберуі мүмкін.

Ыңғайлылықты ұсақ детальдармен үйлестіретіндерге

Өкшелі аяқ киімді сүйікті кроссовка не кедке ауыстыру ма? Енді бұл — еш қиындықсыз мүмкін! Әсіресе олар Jacquemus стилінде болса. Синоптиктердің болжамына сенсек, ауа райы табиғат аясындағы демалысқа қолайлы болады, ал ыңғайлы аяқ киім кез келген аутфитпен тамаша үйлеседі. Әсіресе сәндік «обвеспен» безендірілген ашық түсті джинсы, жолақты жейде және жүзім шоғы бейнеленген сырғалармен.

«Тыныш сән-салтанатты» бағалайтындар үшін

Минимализмді ұнататын әрі классикадан алыс кеткісі келмейтіндерге арналған образ: драпировкалы көйлек, оған контрастты кимоно мен қып-қызыл далап қосуға болады. Ал жазғы «өмір мерекесіндегі» басты гүл өзіңіз екеніңізді білдіру үшін мойныңызға гүл пішініндегі алқа тағыңыз. Нәтижесінде quiet luxury стиліне жақын, бірақ акценттері бар әрі заманауи образ шығады.

Әрқашан дайын жүретін спорттық стиль әуесқойларына

Маңызды ескерту: ауа райы болжамын міндетті түрде екі рет тексеріп, сақтық үшін қолшатыр ала жүріңіз. Одан да жақсысы — стильді raincoat. Сонда күтпеген жаңбыр сіздің жоспарларыңызды да, sport chic стиліндегі аутфитіңізді де бұза алмайды. Оған қоса waterproof-слипондар, жарқын түсті reflective-шалбар және «пластик» сөмке қоссаңыз — кез келген тосын жағдайға дайын образ дайын!


Автор. Мария Машкова. Аударған. Мұқан Гүлдана. Фото. Брендтердің баспасөз қызметі.

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше