«Мен киноға мүлдем түспейтін едім»: Әнші Мадина Сәдуақасова үлкен экрандағы алғашқы рөлі туралы
Фото. Instagram @sadvakasovamadina.

«Мен киноға мүлдем түспейтін едім»: Әнші Мадина Сәдуақасова үлкен экрандағы алғашқы рөлі туралы

Гүлдана Мұқан
15 сентября 2026

Қазақстандық әнші Мадина Сәдуақасова кино әлемінде дебют жасады. Өнер иесі бүгінгі таңда отандық прокатта көрсетіліп жатқан «14 күн» фильмінде алғаш рет актриса ретінде үлкен экраннан табылды. Өнер иесі драма аралас комедияда өз-өзін сомдаған.

Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында бұған дейін киноға түсуге ниеті болмағанын, алайда дәл осы жоба үшін шешімін өзгерткенін жазды.

«Мен киноға мүлдем түспеймін! Бірақ осы жылы дебют болды менде. «14 күн» фильміне түскен себебім — ол жерде бір жан бар… Сол үшін ғана. Бұл фильмде мен өз-өзімді ойнадым. Маған бұл рөл ұнады», — деді Мадина Сәдуақасова.

Сондай-ақ әнші фильмді көріп, әлеуметтік желіде өзін белгілеп жатқан көрерменге алғысын білдіріп, Instagram оқырманын картина туралы пікірлерімен бөлісуге шақырды.

Айта кетейік, «14 күн» отандық прокатта үш апта қатарынан көш бастап, осы уақыт ішінде кассалық табысы 500 миллион теңгеге жуықтағанды. Көрермен қызығушылығына ие болған картина Мадина Сәдуақасова үшін үлкен экрандағы алғашқы жоба.


Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше