Қызғылт реңктердегі маникюр — әрқашан тамаша таңдау екеніне сенімдіміз. Нәзік әрі әйелдік палитра маусымның романтикалық көңіл күйін, көптен күткен жылы күндердің келуін және алдағы жаз туралы армандарды тамаша жеткізеді. Маникюр шеберлері әсем нейл-арттарды пастельді және қанық түстердің көмегімен жасайды: бабл-гам, лосось реңкінен бастап фуксия мен таңқурай түстеріне дейін. Әсіресе ашық, жұмсақ түстер ерекше сұранысқа ие, өйткені олар әлдеқашан классикаға айналған. Сонымен қатар, Harper’s BAZAAR мәліметінше, дәл осы реңктердің көмегімен бүгінде өте танымал болған «маникюрсіз маникюр» стилін жасауға болады. Мұндай маникюр ешқашан жалықтырмайды және кез келген образға үйлеседі. Ал егер ерекше дизайн қаласаңыз, шеберіңізден маникюрге ұсақ горох, «мәрмәр» эффектісіндегі өрнектер немесе Blumarine стиліндегі нәзік көбелектер салуды сұраңыз. Harper’s BAZAAR Kazakhstan дәл қазір жасап көруге болатын қызғылт реңктегі маникюрдің бірнеше әдемі нұсқасын ұсынады.
Автор. Мария Бурлака. Аударған. Гүлдана Мұқан.