Аяжан Даниярқызы
Фото. Аяужан Утеулинова.

Қыз бен бүркіт

10 ноября 2026

Аяжан Даниярқызы бес жылдан бері айналысып келеді құсбегілікпен. Бұл — құсбегілік деп аталатын, саят құстарымен аң аулайтын көне қазақ өнері. Қазақтар үшін бүркіт көшпелі саят мәдениетімен, еркіндік ұғымымен және адамның табиғатпен қарым-қатынасымен тығыз байланысты. Сұхбатта кейіпкер осыған дейін мұнымен айналыспаған қыздың бұл әуеске қалай келгенін, қолға

Фото: АЯУЖАН УТЕУЛИНОВА AYAUZHAN UTEULINOVA

Сіз қыранды алғаш рет қолға қондырған сәтті есіңізде ме? Не сезіндіңіз? Мен Алтынды алғаш көтергенде, денем үшін қиын болды, себебі бүркіттер ауыр келеді. Алтынның салмағы шамамен алты килограмм. Ұрғашысы аталығына қарағанда анық ірі, оның қанаты ұзындау әрі тырнағы мықты. Бір-екі жаттығудан кейін оң қолым қатты ауыратын. Уақыт өте үйрендім. Кейде бүркіт жасқанғандай, не өзім қорыққандай болатынмын. Алтын менің алғашқы бүркітім еді, және біз әлі күнге біргеміз. Арамызда расымен айрықша байланыс бар.

Аяжан Даниярқызы, 22 жаста, Алматыда туған және өскен. Satbayev University-де магистратураның екінші курсында оқиды, ақпараттық технологияларды меңгеруде. Беркуттан және құсбегілікке қатыстының бәрінен бөлек, Аяжан Алматының табиғатынан, тауларынан шабыт алады. Ол өзін бір үлкеннің бөлшегі ретінде сезінгенді ұнатады. Әлеуметтік желілерде Аяжан мен Алтынның видеолары мыңдаған қаралым жинайды. Пікірлерде қазақстандықтардың бұл бейнеге және беркутпен байланысына қалайша тәнті болатынын көруге болады.

Ол қалай білінеді?

Біз бірден бірімізді танып қоямыз, Алтын мені сөзсіз-ақ түсінеді. Біздің байланысымыз жаттығу мен аң аулау кезінде менталды да, физикалық та тұрғыда көрінеді. Бірімізді көре салысымен – көңіліміз орнығады. Алтын тәртіпті, оған рұқсат етілген әрі қажет істі ғана жасайды. Ол кім шақырады, кім оған жұмыс істейді – соған талғампаз. Сондықтан Алтынмен өзім жұмыс істеуім керек. Көп жағдайда біз келіп, бірге жай ғана отырамыз, бүркіттерді қоректендіреміз, су береміз – жаттығу үшін болуы шарт емес. Бірде, жаттықтырушым оны қолға шақырмақ болғанда, Алтын оның мен еместігін біліп, ұшып келіп, сәл ғана соғып өтті.

Сіз құсбегілікке қалай келдіңіз?

Маған 18 толған кезде, мен «Сұлтансері»-де жебе атуды үйренгім келді. Кастингтен өттім – ниет білдіргендер 450 адам болды. Этноорталықта бапкер Сұлтансері Бекетұлы да айналысады құсбегілікпен айналысып жүр екен, әрі оның Абырой атты бүркітімен таныстым. Сол сәттен бері менің бүркіттерге деген сүйіспеншілігім басталды. Ұлттық спорттықыздар арқылы насихаттау идеясы бапкерге тиесілі.

Бүркітші бейнесі көбіне ер адамдармен байланыстырылады. Қыз-бүркітші болу сіз үшін нені білдіреді?

Әйелдер де құсбегілікпен айналыса алатынын дәлелдедік. Басында бізге ер-беркутшылардың сыңаржақ көзқарастары түсе тін, бірақ қазір олар бізді отбасы ның мүшесіндей қабылдайды. Қазіргі сәтте олардан біз үлкен қолдау көріп отырмыз. Ол кезде біз осы іспен айналысқан алдыңғы қатарлы құсбегілердің бірі едік, ал қазір бұл спортта қыздар саны көбейді.

Өміріңізге құсбегілік енгеннен кейін, өзіңізді әйел ретінде сезінуіңіз өзгерді ме?

Өзімді әйел ретінде сезінуім еш өзгерген жоқ. Біз мен онсыз да білгенімді көрсеттік: батылдықты да, әйелдікті де, күшті де ұштастыруға болады, басқалар қарап таңғалып, тамсанып сүйсінсін. Мен өзімді өзімдей сезінемін. Дәстүрлі киім, қолымда бүркіт ұстап, ат үстінде отыр ғанда, – мұның бәрі маған сенім береді.

Сырттай қарағанда құсбегілік әдемі де романтикалы көрінуі мүмкін. Ал бұл өмірдің кадр сыртында қалатын қыры қайсы? Ондағы ең қиыны не?

Әрине, мұндай үлкен де әсем көріністің ар жағында орасан еңбек жатыр. бір бүркітті адамдармен бірге өмір сүруге бейімделтіп үйрету – бұл орасан жұмыс. Бұл кем дегенде алты ай уақыт алады. Жұмыстың 80 пайызы кадр сыртында қалады.

Са құсбегілік сіздің мінезіңіз бен өмірге көзқарасыңызды қалай өзгертті? Алтын сізге нені үйретті?

Құсбегілікпен айналыса бастағанға дейін, мен ерке, әжемнің ерке қызы едім, ешкімді тыңдамай, қалағанымды жасайтынмын. Тұңғыш бала ретінде мені әжем мен атама тәрбиелеуге берген. Бүркітпен жұмыс істегенде ымыраға келуге тура келеді – құспен бір шешімге келу қажет. Мен бейімделгіш, шыдамды болдым, бір жерде жол бере аламын. Ол кезде мені ең алғаш қолдаған да, қазір де қолдап келе жатқан да – әжем. Оның арқасында мен бүгінгі мен болып қалыптастым. Ол қандай іспен шұғылдансам да, сол істің негізін білуім керегін үйретті. Әжем маған батасын береді – ол өзінің шапағатын тигізеді.

Құсбегіліктің көрнекі жағы өте қуатты. Сізге эстетикалық тұрғыдан өзіңізге несі ұнайды?

Зергерлік әшекейлер, аттар, бүркіттер, бізді қоршаған табиғат. Ұлтымыздың киімін киіп, түрлі аксессуарлар тағып, қолында бүркіті бар ат үстіндегі қыздың адамдарға қалдырған әсері ұнайды. Осы бейне бүкіл әлемге танылса деймін. Біз қазақ қыздарының бәріне қабілетті екенін көрсеткіміз келеді: біз батылмыз, сұлумыз, төзіміміз мықты, атқа міне аламыз және тағы басқасы.

Бір сәтте бәрін тастағыңыз келген кез болды ма? Сізді әрі қарай жалғастыруға не итермеледі?

Осы бес жылда тастап кету жайлы ой құсбегілік еш пайда болған жоқ. Мен өзімнен-өзім өжет жанмын. Ешкім мені райымнан қайтара алмады. Мені өзге саладан көргісі келген түрлі адамдар болды, бірақ мен табанды болдым. Адам қаласа, міндетті түрде соны байқап көруі керек.

Өзіңізді және құсбегілікті он жылдан кейін қалай елестетесіз? Ал осы хикаяда қандай рөл атқарғыңыз келеді?

Он жылдан кейін өзімді және құсбегілікті алып стадионда көргім келеді. Әлемнің түкпір-түкпірінен адамдар Қазақстанға келіп, біз беркуттармен қалай айналысатынымызды көріп, жасаған еңбегімізді бағаласа деймін.


Автор. Фариза Оспан.

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше