Маникюр шеберіне бармай-ақ әдемі тырнаққа қол жеткізу жолдары
Фотосуреттерден жасалған коллаж. Spotlight. Kate Barton, көктем-жаз 2026.

Маникюр шеберіне бармай-ақ әдемі тырнаққа қол жеткізу жолдары

15 мая 2026

Салонда жасалатын кәсіби маникюр — өз алдына ерекше күтім рәсімі. Бірақ әрдайым шеберге жазылуға уақыт немесе мүмкіндік бола бермейді. Кейде салонға бару арасындағы уақытта жабынды жаңартып қою, сапарда жүргенде тырнақты ұқыпты ұстау немесе артық шығынсыз табиғи сұлулыққа басымдық беру жеткілікті болады. Жақсы жаңалық — әдемі әрі табиғи маникюрді үй жағдайында да оңай жасауға болады. Ең бастысы — дұрыс күтім мен дайындыққа көңіл бөлу.

Үй жағдайындағы маникюрдің басты ережесі — салондағы күрделі процедураларды өз бетіңізше қайталауға тырыспау. Кутикула кесу, гельмен, акрилмен немесе аппаратпен жұмыс істеу кәсіби дағдыны талап етеді. Қателіктер тек маникюрдің сапасына әсер етіп қоймай, тырнақтың зақымдануына, терінің тітіркенуіне, тіпті инфекцияға әкелуі мүмкін. Сондықтан қауіпсіз күтімге мән берген дұрыс: ылғалдандыру, жұмсақ өңдеу және әдемі жабын.

Натуральный маникюр без мастера: как добиться аккуратного результата дома?
Фото. Spotlight. Ralph & Russo, күз-қыс 2017

Әдемі маникюрдің негізі лак жағудан әлдеқайда бұрын басталады. Қол терісі мен тырнақтар жақсы күтім көріп, ылғалдандырылған болуы керек — сонда жабын тегіс жағылып, ұзақ сақталады. Маникюр алдында жеңіл пилинг немесе скраб қолданған жөн, әсіресе кутикула мен құрғақ аймақтарға назар аудару қажет. Осыдан кейін қолды мұқият жуып, толық кептіріңіз.

Келесі кезең — кутикуламен ұқыпты жұмыс істеу. Оны кескеннен гөрі, ағаш таяқшамен жайлап кейін итерген дұрыс. Егер тырнақ маңында қатты құрғаған тері болса, оны өте абайлап алып тастауға болады. Үй күтімінде ең маңызды қағида — агрессивті әрекет неғұрлым аз болса, тырнақ соғұрлым сау көрінеді. Кутикулаға арналған майды тұрақты қолдану көбіне теріні үнемі кескеннен әлдеқайда жақсы нәтиже береді.

Дайындықтан кейін тырнаққа пішін беруге болады. Ең әмбебап түрлердің бірі — жұмсақ квадрат. Ол ұқыпты көрінеді, көпшілікке жарасады әрі үйде жасауға оңай. Ол үшін тырнақты түзу етіп егеу және бұрыштарын сәл жұмсарту жеткілікті.

Натуральный маникюр без мастера: как добиться аккуратного результата дома?
Фото. Spotlight. Dior, көктем-жаз 2024

Маникюр кәсіби көрінуі үшін тырнақ бетін бафпен аздап тегістеген дұрыс. Бұл кедір-бұдырды жойып, артық жылтырды азайтады, нәтижесінде лак тегіс жағылып, ұзақ сақталады.

Лак жағу кезінде асықпау маңызды. Жұқа қабаттар әлдеқайда ұқыпты көрінеді әрі біркелкі кебеді. Әр қабаттың арасында бірнеше минут күткен жөн, әйтпесе жабын бұзылып немесе көпіршіп кетуі мүмкін. Ал соңғы топ-қабат маникюрдің төзімділігін арттырып, әдемі жылтыр эффект береді.

Айтпақшы, табиғи маникюр үшін жартылай мөлдір реңктер өте жақсы үйлеседі: сүттей қызғылт, крем түсті, nude, шабдалы реңкі немесе нәзік ақ түс. Мұндай түстер қымбат әрі сәнді көрінеді, қолға сергек реңк береді және жағу кезіндегі ұсақ қателіктерді байқатпайды. Сонымен қатар, мұндай жабынды үйде жаңарту да ашық қанық түстерге қарағанда әлдеқайда оңай.

Натуральный маникюр без мастера: как добиться аккуратного результата дома?
Фото. Spotlight. Pamella Roland, көктем-жаз 2025

Маникюр ұзақ уақыт әдемі болып тұруы үшін қолға күнделікті күтім қажет. Кутикула майы тырнақтың сынуы мен қабаттануының алдын алады, ал қою крем теріні жұмсақ күйде сақтайды. Сабын құрамына да назар аударған жөн: тым агрессивті құралдар теріні құрғатып, жабынның тез бұзылуына себеп болады. Құрамында майлар мен өсімдік компоненттері бар жұмсақ формулалар қолды жақсы күтімде ұстауға көмектеседі.

Соңында, үй жинау кезінде міндетті түрде қолғап киген дұрыс. Өйткені су мен тұрмыстық химиямен жиі байланыс тырнақты әлсіретіп, құрғатып жібереді. Ал егер маникюр жылтырлығын жоғалта бастаса, оны жаңа топ-қабатпен тез жаңартуға болады — бұл бір сәтте-ақ тырнаққа қайтадан ұқыпты көрініс сыйлайды.


Автор. Жанель Муканова. Аударған. Гүлдана Мұқан.

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше