Жұлдыздардың танымалдылыққа дейінгі кездері әрқашан да қызық. Әсіресе медиа тұлғалардың жанкүйерлері үшін. Олар кумирлерінің өнер жолын бастамай тұрған сәттерін жиі көргісі келеді. Harper`s BAZAAR Kazakhstan шоу-бизнес өкілдерінің жастық шағына саяхат жасап, бүгінгі таңда қандай өзгеріске ұшырағандарын ашып көрсетпек. Біздің «Жұлдыздар танымалдылыққа дейін және қазір…» яғни «до и после» айдарының кезекті кейіпкері – актриса Нұрай Жеткерген.

Нұрай Жеткергенді заманауи киноиндустрияның жаңадан жанған жарық жұлдызы десек артық айтпаспыз. Десе де актрисаның бұл салаға жастайынан келгенін көпшілік біле бермейді. Небәрі 18 жастағы өнерлі ару алғаш 2018 жылы тұңғыш жобасына түскен. Ол — «Туған жер» атты телехикаясы.

Нұрай қалың көпшілікке 2023 жылдың соңында жарық көрген Қуаныш Бейсектің «Дәстүр» хорроры арқылы танылды. Еске салсақ, актриса бұған дейін де Кукамен бірге «Шоқан» жобасында жұмыс істеген.

Қоғамда үлкен резонанс тудырған «Дәстүр» фильмінен кейін Нұрай Жеткергенге сұраныс артқаны жасырын емес. Актриса болашақта түрлі жобадан бағын сынап көрмек ниетте. Ал бикештің имиджіне тоқталсақ, ол қазақи нақыштағы образдарды жаны сүйеді. Осылайша барынша ұлттық киімдерді дәріптеуге тырысады.


Автор. Гүлдана Мұқан. Фотосуреттер: Кейіпкердің жеке мұрағатынан.

Поделиться: