Осы жылдың наурыз айында ақ келін атанған Жанар Дұғалованың аяғы ауыр. Алғаш рет ана атанғалы отырған әншінің жүктілігін оқырмандары байқап қалды. Өнер иесі инстаграм парақшасына соңғы концерттердің бірінен видео жүктеген еді. Онда сахнаға кең жейде мен қара классикалық костюм киіп шыққан Жанардың ішінің шығып қалғаны көрініп тұр.
Жеке парақшасына екі бірдей видео салған Дұғалованың образына қарасақ ішін барынша жасырып қалғысы келгендей. Сылқым жүктілігіне қарамастан ән айтып ғана қоймай сахнада билеп те жүр. Соған қарағанда әншінің бала көтергеніне ұзақ уақыт бола қойған жоқ. Әзірге Жанардың өзі ресми мәлімдеме жасамаса да, фолловерлер: «Жүктілік күшті жарасып тұр», - деп әншіні жаппай құттықтауға кіріскен. Қуанышты жаңалықтың расталуын бізде күтетін боламыз!
Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @zhanar_dugalova