-1 краш! Сұраныстағы сүрбойдақ Аян Өтепберген үйленетінін мәлімдеді. 30 жастағы актер Ақтөбелік арумен шаңырақ көтермек. Серінің таңдауы өнерден алыс емес болып шықты. Аянның болашақ жары – Аружан есімді арт-директор әрі стилист. Ғашықтар түсірілім алаңында танысқан.

Аянның бойдақтықпен қош айтысатыны туралы Асхат Маемиров көпшілікке паш етті. Бұл жағдай театр сахнасында орын алды.

«Аянда үлкен жаңалық. Оған спектакль қатты әсер етті. Таңдауы театрдан емес, сырттан. Біз білдік. Бірақ өнерден алыс емес. Оны санаулы күннен кейін білетін боламыз. Той өтсін», — деп Асхат Өтепбергеннің жұрттан жасырған құпияларымен бөлісті. Ал, Аян сүйіктісін бүгін, яғни 14-желтоқсан ұзатып алмақ.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @otepbergen_ayan

Поделиться: