«Әдемі!»: «Золотое Яблоко» бьюти әлемінің үздік авторларын анықтамақ
Фото. Сауда желісінің баспасөз қызметі.

«Әдемі!»: «Золотое Яблоко» бьюти әлемінің үздік авторларын анықтамақ

Гүлдана Мұқан
02 октября 2026

«Золотое Яблоко» халықаралық сауда желісі Қазақстанда алғаш рет «Әдемі!» медиасыйлығын жариялады. Жоба сұлулық индустриясы, шопинг және тұтыну мәдениеті тақырыптарын қамтитын журналистер мен блогерлерге арналған.

Медиасыйлықтың басты ерекшелігі – жеңімпаздарды кәсіби қазылар алқасы емес, онлайн дауыс беру арқылы оқырман мен көрермен анықтайды. Байқауда журналистер үшін үш аталым қарастырылған: «Сұлу сөз» – бьюти-индустрия, брендтер мен осы саладағы тұлғалар туралы материалдарға, «Дүкендегі сауда» – офлайн-шопинг тақырыбына, ал «Онлайн бьюти» электронды сауда туралы жарияланымдарға арналған. Қатысушылар 2025 жылғы 1 қазан мен 2026 жылғы 1 қазан аралығында қазақстандық БАҚ-та жарық көрген қазақ немесе орыс тіліндегі мақалаларын, сұхбаттарын, репортаждары мен шолуларын ұсына алады.

Ал блогерлер төрт аталым бойынша бақ сынайды. Желі жұлдыздары фолловер санына қарай «Бьюти жаңалық» (5 000–9 999), «Контентмейстер» (10 000–99 999), «Бьюти пікір көшбасшысы» (100 000-нан астам) санаттарына бөлінеді. Ал «Бьюти-сері» аталымы ерлердің бьюти-блогтарына арналған. Байқауға Instagram, TikTok, YouTube және Telegram платформаларында контент жасайтын авторлар қатыса алмақ.

«Әдемі!»: «Золотое Яблоко» бьюти әлемінің үздік авторларын анықтамақ
Фото. Сауда желісінің баспасөз қызметі.

Жеңімпаздарға қандай сыйлық беріледі?

Әр аталымда екі жеңімпаз анықталып, барлығы 14 автор марапатталады. Бірінші орынға «Тәлімгер», екінші орынға «Сарапшы» атағы беріледі. Жеңімпаздарға естелік мүсінше мен бьюти-брендтердің сыйлықтары табысталады.

«Қазақстан журналистері мен блогерлері күнделікті бьюти-нарық қалай өзгеріп жатқанын: қандай брендтер шығып жатқанын, дүкендер қалай жұмыс істейтінін, халық не сатып алатынын жазады. Біз осы еңбекті елеп-ескергіміз келеді», – дейді компанияның Қазақстандағы директоры Лилия Мамчук. Ал медиасыйлыққа өтінімдер 1–11 қазан аралығында қабылданады.


Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше