Әйелге тән нәзіктік жайында көпшілік ойланады. Өкінішке орай, қазір көптеген қыз-келіншектер мақсат қоя білу, темірдей табандылық, өктемдік, барлығын бақылауға тырысу сияқты ерлерге тән қасиеттерінен зардап шегуде. Осылайша, олар мұны өздері де байқамай әйелге тән табиғатын жоғалта бастайды. Бұған өздері де кінәлі емес, себебі заман: «Табысты болу керек!», «Табыс табу қажет»!, «Мансап қу!» деген ұрандарды тастап отыр. Қазіргі таңда көптеген әйелдер өздерін дамытып, өз құқықтары үшін күресіп, ерлермен теңесуге талпынады. Алайда осы жолда әйелге тән нәзіктік жоғала бастайды. Сол себепті іштегі ер азаматқа тән қасиеттеріңіз сізді әйелдік болмысыңыздан түбегейлі айырмауы үшін әйелдік энергияны толықтырып отыру қажет. Қандай амал-тәсілдерді пайдалану керектігі жөнінде төменірек әңгімелейміз.

Әйели қасиеттерді қалай арттырамыз?

Жүрегіңізді махаббатқа толтырыңыз

Бірінші кезекте өзіңізге, айналаға деген сүйіспеншілікті дамытыңыз. Барлығын сынап-мінеуді, кектенуді, ренжуді, көре алмауды қойыңыз, көңіл толмаушылықтан арылыңыз. Іштей махаббат сезімі болмаса, жаныңыз қуыстанып, сүйіктіңізге, отбасыңызға, балаларыңызға жылулық сыйлай алмайсыз. Керісінше, дау-дамай, жанжал, наразылық арқылы олардың «қанын іше бастайсыз». Әсіресе, бұл тұста ер азаматыңыз зардап шегеді. Ол қаржылық табысынан айырылуы немесе ауыруы мүмкін. Әйел табиғатынан махаббат сыйлайды. Оның бар күші де осында. Алдымен өзіңізді қоршайтынның бәріне жылулықпен қарауға дағдыланыңыз, көп ұзамай өзіңіздің жұмсақ, сабырлы бола бастағаныңызды байқайсыз.

Жүрек үніне құлақ асыңыз 

Әйелдің жүрегі – өміріндегі жол сілтеушісі. Ол қалай жүру, не істеу керектігін сездіреді. Алайда оны ести білу үшін жүрекпен интуитивті байланыста болу қажет. Әрбір әйелге табиғат берген таңғажайып қасиет – ол интуиция. Егер оның «ұйықтап» жатқанын сезсеңіз, оны түрлі техникалармен: мантралармен, медитациялармен, әйелге тән амалдармен оятыңыз.

Өзіңізді жақсы көріңіз

Өзіңізді мақтап, өзіңіз жайлы тек жағымды ойлаңыз. Өз өзіңізге жылы лебіз білдіріп, тамсаныңыз, сұлулығыңызға, жетістіктеріңізге «қол соғыңыз».

Комплимент айтыңыз

Өзіңізге де, басқа да әйелдерге жағымды сөздер айтыңыз. Егер әлдекімге жылы сөз айта алмасаңыз – бұл басқа қыздарды қабылдай алмайтыныңыздың белгісі. Ал шын мәнінде энергияны әйелге әйел береді.

Құрбыларыңызмен араласыңыз

Әйели энергияны дамыту үшін басқа қыз-келіншектермен араласу өте маңызды. Сондықтан да әйелге құрбыларымен, әпке-сіңлілерімен араласуға тыйым салуға болмайды. Құрбылармен тілдескеннен кейін өз-өзімізді жақсы сезініп қалатынымызды Өзіңіз де байқаған боларсыз.

Әйели қасиеттерді қалай арттырамыз?

Оңаша қалыңыз

Әрбір әйел ресурсын сарқып алмауы үшін өзіне уақыт табуы тиіс. Ондай сәттерде өзіңізге қараңыз, тәніңізге, сүйікті ісіңізге көңіл бөліңіз. Әлдекіммен араласқыңыз келмесе, өзіңізді мәжбүрлемеңіз. Әйел тіпті өз балалары мен күйеуінен де демалып тұруы тиіс. Бұл қалыпты жағдай. Есесіне, оларға бойыңызға күш-қуат, махаббат толы күйде ораласыз.

Сұлулық салондары мен спа-орталықтарына барып тұрыңыз

Әйел денесіне массаж бірінші кезекте денсаулық үшін қажет. Ол жұмсақ тактильді жанасуды қажет етеді, осылайша тек қан айналымы ғана емес, сондай-ақ энергия айналымы жақсарады. Маникюрді, бет пен шашқа күтім жасауды ұмытпаңыз. Мұның бәрі жәй еркелік емес. Бұл әйелдің психологиялық денсаулығының, өз-өзіне беретін бағасының негізі. Өзіне күтім жасау әйелдің қашан да жанына жағады.

Әлсіз болуға қорықпаңыз 

Нәзік әйел ер азаматтан көмек сұрауға ұялмайды. Өзіңізге әлсіз, ал ер азаматтарға өзін керекті сезінуге мүмкіндік беріңіз. Сөмкеңізді көтеріп, ноутбугіңізді жөндеп берем десе, қуана келісіңіз.

Шығармашылықпен айналысыңыз

Ән айту немесе би билеу міндет емес. Тек өзіңізді шығармашылықтың адамы емеспін деуге асықпаңызшы. Мұндай энергия кез келген адамның бойында бар. Тек әлдекімдікі көрініс тапса, енді біреулердікі жасырын жасатады. Әйел үшін әлденені өз қолымен асқан ықыласпен жасау: тамақ пісіру, тігін тігу, тоқу, сурет салу, бақ өсіру және т.б. нәрсемен айналысу аса маңызды. Шығармашылық істер әйелге тән қасиеттерді арттырып, бақыттырақ болуға көмектеседі.

Табиғатпен тілдесіңіз

Қыз-келіншектер үшін табиғатпен тілдесу маңызды. Әйел болмысынан жанды дүниенің барлығына мейірімді келеді. Сондықтан жануарларға көмектесу маңызды. Көбірек серуендеп, таза ауамен тыныстаңыз, құстардың әнін тыңдаңыз.

Судың жанында уақыт өткізіңіз 

Судың маңында көбірек демалып, жиірек душ қабылдаңыз. Дәл судың жанында әйел бойындағы бүкіл теріс энергиядан арылып, күш-қуат жинайды.

Әйели қасиеттерді қалай арттырамыз?

Дұрыс тамақтаныңыз 

Нәзігірек болу үшін тамақтану рационына қызыл ет, тауық пен балық етінен гөрі жармаларды, балды, жаңғақтарды, жеміс-жидекті, көкөністі, әсіресе жасыл түстілерін енгізген жөн.

Сабырлы болыңыз

Өз эмоцияңызды бақылаңыз, алайда оларды ешқашан тұншықтырмаңыз. Егер ашу-ыза пайда болса, оның түпкі себептерін анықтаңыз. Егер жағдайды өзгерте алмасаңыз, жәй ғана оған деген көзқарасыңызды өзгертіңіз. Теріс эмоция тек өзіңізге зиянын тигізетіні есіңізде болсын. Ішкі «әйел» де мұнан зардап шегеді.

Өз дауысыңызды қадағалаңыз 

Жұмсақ, сабырлы үнмен сөйлеуге тырысыңыз, өз дауысыңыздан бұйырушы екпінді алып тастаңыз. Талап етуді емес, өтінуді, мәжбүрлеу емес, ұсынуды үйреніңіз. Егер қандай да бір түйткілді талқылағыңыз келсе, дауыс көтеріп сөйлеспеңіз. Егер бұл қолыңыздан келмесе, әңгімені кейінге қалдырып, сіз де, жаныңыздағы адам да сабасына түскенде сөйлескен жөн.

Кербездік пен нәзіктікті дамытыңыз

Бұған стрейчинг, стрип-пластика, йога, шығыс билері мен т.б. сияқты әйелдерге арналған әуестіктер көмектеседі. Спортпен немесе қуаныш сыйлайтын белгілі бір би түрімен айналысу өте маңызды. Мұндай сабақтарда ерлердің болмағаны жөн. Себебі дәл әйелдердің ортасында энергияңыз артып, дамиды.

Әйели қасиеттерді қалай арттырамыз?

Киім мен аксессуарлардың көмегімен қалай нәзігірек көрінуге болады?

Белдемше мен көйлек киіңіз 

Ведалық ілім-білімдерге сәйкес, әйели энергия әйелдің жатыр тұсында шоғырланып, етектің астына жинақтала бастайды. Сондықтан әйелдің энергиясын дамыту үшін ұзын етек көйлек, белдемше киген дұрыс.

Мойын орағыштар мен орамал тағыңыз

Гардеробтағы бұл заттар кез келген образға нәзіктік сыйлайды. Бастысы оны жарасымды етіп таңдап, дұрыс байлауды үйрену.

Өкшелі аяқ киімді ұмытпаңыз 

Аяғыңызға жараса кететін шағын өкшелі, ыңғайлы туфли таңдаңыз. Бұған қоса, бұл бойыңызды ұзартып, кеудеңізді тіктейді. Себебі әйел өкшелі аяқ киім киіп жүргенде, өзі-ақ кеудесін тіктеп жүруге тырысады.  

Әшекейлер тағыңыз 

Әшекейлердің, бижутерияның көмегімен образыңызды аша түсіңіз. Тек сары алтынды тағуға асықпаңыз. Бұл металл жасы келген келіншектерге көбірек жарасады.

Иіссу пайдаланыңыз 

Жағымды хошиістің жеңіл шлейфі сіздің бойыңызға әйелдік нәзіктік сыйлайды.

Есіңізде болсын, әйелдік энергияны арттыруға да, жоғалтып алуға да болады. Сондықтан әрдайым әйелдік болмысыңызды сақтаңыз, ішкі ханшайымыңызды жақсы көріңіз.


Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Сурет. Shutterstock.com.

Поделиться: