Аян Өтепберген ресми түрде куйеубала атанды! Актер күні кеше сүйіктісін ұзатып алды. Той Ақтөбе қаласында өтті. Аян қуанышты жаңалықты инстаграм парақшасында бөліспесе де, оның фанаттары салтанатты шараның кадрларымен TikTok желісінде бөлісті.

@whitehill_aktobe #аянөтепберген #whitehillaktobe #свадьба #актобе #краш #ұзатутой ♬ оригинальный звук — Whitehill_aktobe
@just1ove0

♬ suono originale — Emy15

Аянның қуанышын бөлісуге өнердегі әрі өмірдегі досы Асылхан Төлепов арнайы барған. Актер инстаграм stories-ында жастардың есімі жазылған баннерден әдемі фотосурет ұсынды. Сондай-ақ, Аян өзі салт-дәстүр бойынша күйеубалаға берілетін төсті жеп отырған сәтімен бөлісті.

Ал, Аянның жары – Аружан есімді стилист әрі арт-директор. Бикештің бүгінде инстаграм парақшасында 10 мың оқырманы бар. Енді қос ғашық үлкен тойдың қамына кіріспек. Жас жұбайлардың маңызды күні қашан екені әзірге белгісіз.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @otepbergen_ayan

Поделиться: