Әли Оқаповтың жары Ақерке Бүркітбай алғаш рет жеке өмірі жайлы сөз қозғады. «Assyl» тобының мүшесі «Мамский әңгіме» подкастына сұқбат беріп, жан сырын ақтарды. 2015 жылдан бері Әлимен көңіл қосып жұп атанған әнші бұл ақпаратты біраз уақыт жасырын ұстаған еді. Ақерке танымал музыканттың өзіне сөз салғанын айтып берді. Оқиға 2020 жылдың 8 шілдесінде болған.

«Сөз салғаны, шынымды айтсам, өте қызықты болды. Мен күткен жоқпын. Мен сол сөз салған уақытқа дейін үш күн түсірілімде жүргенмін. Үш күн ұйықтамаған кезім еді. Неге екенін білмеймін, ол дәл сол күні үш күн ұйықтамаған кезімде шешім қабылдады ғой сөз салуға. Кейін айтамын ғой, басқа күнді таңдауға болмас па еді, мен кішкене қыз болып, көйлек киіп, әдеміленіп, шаршамай деген сияқты… Сезе бастадым. Өйткені, Әли шығып келе жатыр алға қарай. Достарымыздың бәрі тұр, қолында гүл мен сақина. Сол кезде енді шынымды айтайын, жылап жібердім қуаныштан. Бәлкім, күтпегендіктен шығар… Өте бір сондай әдемі, өте бір ерекше, есте қаларлық сәт болды», — деп Ақерке өміріндегі маңызды күнді еске ады.

Сондай-ақ, таяуда ғана ана атанған Ақерке жүктілігі жайлы да айта кетті. Әнші алғашында қоғамнан қысым болғанын жасырмады. Себебі, тұрмысқа шыққан соң бірден көтермеген кезде Ақеркеге «сен қашан туасың, тумасаң орныңды босат», — деген пікірілер жеке тарапына көп жазылған екен.

Десе де сүйіктісі Әли Оқаповтың қолдауының арқасында, мұндай хейтпен күресе алдым дейді Ақерке. Ал, тұңғышын босанған сәтте, Әли мен қатар енесі Роза Қуанышқызы көп көмектескен.

«Зейіннің әжесі, мамамызға үлкен алғыс айтамын. Өте үлкен қолдау көрсетті. Ата-анамыз кеңес үкіметінің адамдары болғаннан кейін, «мам, сізге рахмет» деп бетіне айта бермейміз. Менің өзім іштегі сезіммен бөлісуді енді-енді үйреніп жүрмін. Қырық күн сорпасын дайындап, тамағымды дайындады. Көрші тұрғанннан кейін, өз үйінен тамақты дайындап, қазанын көтеріп әкеліп, маған тамақ беріп жүрген кездер болды. Сол сәтті ойласам, көзіме жас келеді. Маған демала тұр деп, мен баланың қасында ұйықтай тұрамын. Ананы ана түсінеді», — деп Ақерке енесіне алғысын білдірді.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @akerkeburkitbay

Поделиться: