Ғалымжан Молданазар командасымен Ұлыбританияға аттанды. Музыкант Лондон қаласында альбом жазып жатыр. Процесс – «The Beatles» әйгілі аңыз рок-ұжымының  студиясында жүзеге асты.

Ғалымға әйгілі Air Studio-да жұмыс істеу бұйырған. Еске салсақ, бұл орталықтың негізін қалаған — атақты The Beatles тобының әндерін өңдеуші, композитор Джордж Мартин. 

Іс-сапарға Молданазар жанына серік етіп қос режиссерды алып кеткен. Олар — Қанат Бейсекеев пен Мәлік Зеңгір. Мамандар процессті таспаға тартып, деректі фильм шығармақ. Симфониялық оркестрдің сүйемелдеумен жазылған трек қазақ тілінде. Композияцияның қашан жарық көретіні әзірге белгісіз.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @moldanazar

Поделиться: