Аминка Витаминка «Сүйікті Қазақстандық инфлюенсер»! Кішкентай блогер Nickelodeon Kids Choice Awards марапатына дәл осы номинация бойынша жеңіске жетті!

Аминка Витаминка

Әлемге әйгілі ТОП жұлдыздармен қатар, Nickelodeon Kids’ Choice Awards марапатын аймақтық номинацияларда әлемнің түрлі елдерінен қатысқан инфлюенсерлер де алды. Осы жылы аталмыш жүлденің тарихында алғаш рет «Сүйікті қазақстандық инфлюенсер» номинациясында дауыс беру жүргізілді. Жүлдегер ретінде Әмина Малғаждар (Аминка Витаминка) танылды. YouTube желісінде Аминканы 5,52 миллион көрермен бақылайды, ал Instagram парақшасында 1,3 миллион оқырманы бар.

Еске салсақ, Аминкамен қатар отандық инфлюенсерлер атынан танымал тиктокер Алина Ким, Жасмин Сейділденова және Батыр Еркін қатысқан болатын.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. Instagram. 

Поделиться: