Антисептикті өз бетімізбен қалай жасауға болатынын журналистерге Г. Н. Габричевский атындағы Мәскеу эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары, вирусолог Евгения Селькова айтып берді.

Соңғы күндері антисептиктер мен қарапайым спиртке деген сұраныс күрт өсті. Дүкендер мен дәріхана сөрелерінен қорғануға жарайтын құралдың барлығын, тіпті ылғал майлықтарға дейін жоқ қылуда.

Алайда қолға арналған антибактериалдық құралды өз бетімізбен де жасауымызға болады. Вирусолог Евгения Селькова бірнеше тәсілді ұсынды.

Антисептикті өз бетімізбен жасаймыз!

Бірінші тәсіл

Глицериннің 14,5 миллилитрін, 750 миллилитр изопропил немесе 800 миллилитр қарапайым спиртті араластырыңыз. Күштілігі 70% градустан төмен емес кез келген алкогольдің 800 миллилитрін пайдалануға болады. 20 миллилитр дистильденген су мен 42 миллилитр сутегінің асқын тотығын қосыңыз.

Екінші тәсіл

Ең қарапайым антисептик үшін алоэ гелі мен 160 миллилитр медициналық спирт қажет, пайызы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым жақсы.

Үшінші тәсіл

Бір ас қасық суды, 5 ас қасық арақты, лаванда эфир майының 5 тамшысын, алоэ шырынының бір шай қасығы мен хлоргексидиннің 5 грамын араластырыңыз. Біршама уақытқа қоя тұрыңыз.

Дегенмен, мамандар антисептикті пайдалану қолды сабынмен жуудың орнын алмастырмайтынын еске салады. Дегенмен, жоқтан жақсы демекші. Сонымен қатар, вирусологтар алдымен қолды жақсылап сабынмен жуып, антисептикалық құралдарды содан соң ғана жағуға кеңес береді. Тіпті болмаса, құрамында спирті бар ылғал майлықтарды пайдалануға, қолды спиртпен сүртуге болады.


Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Сурет. Shutterstock.

Поделиться: