Тұрмысқа жақын арада шықпайсыз ба немесе қашан? Дәл осы сұрақ Құралай Анарбекованың инстаграмына қойылған. Кинопродюсер stories-ында оқырмандарын мазалаған сауалға жауап берді. Актриса ақ келін атануымды ата-анам қалайды дейді. Дегенмен Құралай өмірінде маңызды шешім қабылдау үшін мына ұстанымды қолданады: 

«Точно айта алмаймын, жақын немесе алыс арада. Алайда туыстарының қысымына немесе әлеуметтік стереотиптерге байланысты некеге тұру наразылықпен тіпті бақытсыздыққа әкелуі мүмкін. Неке сүйіспеншілік пен өзара құрметке негізделген маңызды шешім екенін есте ұстаған жөн.»

Сондай-ақ, 33 жастағы Анарбекова бүгінде тұрмыс құрмаса да, ең бастысы бақытты екенін де жеткізді. 

Құралай Анарбекова болашақ күйеуінің қандай болуы керек екенін де айта кетті. Актриса табысы мен статусы маңызды деп отыр. Бірақ бұл Құралай үшін басты фактор емес. Анарбековаға ең бастысы арада сыйластық және махаббат болғаны маңызды. 


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. Instagram.

Поделиться: