Атақты Аватар фильмінің жұлдыздары Зои Салдана, Сигурни Уивер және Сэм Уортингтон қазақстандықтарға сәлем жолдаған. Қысқаша бейнероликте олар блокбастердің екінші бөлігінде көрермендерді не күтетіндігін баяндапты.

«Сәлем, Қазақстан! Біз тылсым Пандора әлеміне ораламыз. «Аватар: су жолы» фильмінде қас дұшпанымыз әзірлеген сынақтан өтуге тура келеді»-,дейді әртістер.

Аватар

Роликтен тағы фильмнің бас кейіпкері Джейк Саллидің отбасымен туған орманын тастап қашуға мәжбүр болғанын аңғару қиын емес. Сөйтіп олар өзге елден пана тауып, бұрын көрмеген жаратылыс иелерін кезіктіреді дейді Сэм Уортингтон.

Жалпы айта кетейік, фильмнің трейлері мыңдаған қаралым және оң пікір жинаған.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. IMDb.

Поделиться: