Шоу-бизнесте сұраныста жүрген сүрбойдақтың бірі Аян Өтепбергеннің бүгінде басы бос емес. Актер жарты жылдан бері қарым-қатынаста. Бірақ, Аян жеке өміріне келгенде көпшілікке жария етпеуді ұйғарған. Ол таңдаған аруын желіге жүктемейді, тіпті қызы туралы сұраған оқырманға да көрсеткісі келмейді. Бірақ Өтепберген-тегі, ғашығын былайша сипаттап берді:

«Ол қатты боянғанды емес, түске қарай оянғанды сүйеді. Қызыл емес ақ раушанды, пепси емес нақты қаңылтырдағы қоланы, талғаммен киінгенді, шоколадты клубниканы, кез-келген уақытта қайғырғанды содан соң көз жасын сығып алып бұлт арасынан көрінген күн секілді жадырап сала беретіні, кейде көшеде бейтаныс қыз келіп суретке түсіп жатып құшақтаса ашуланып біраз уақытқа дейін үндемей қоятыны, болмашы нәрсеге қырсыға салатыны әдемі.

Енді осыдан көз алдыңызға елестетіп алыңыз.»

Еске салсақ, актердің ғашығы өнер әлеміне қатысы бар. Ол Аружан есімді стилист. Өтепберген Аружанмен түсірілім алаңында танысқан. Бикеш одан бөлек арт-директор болып та қызмет етеді.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @otepbergen_ayan

Поделиться: