Аян Өтепберген шаңырақ көтергенін ресми мәлімдеді. Актер өзінің инстаграм парақшасына беташар тойдан әдемі кадрлар салып, бойдақтықпен қоштасқанын растады. Кино әрі театр жұлдызы бірнеше күн бұрын сүйіктісін Ақтөбе қаласынан ұзатып алып келген еді. Енді міне сері дүркіретіп беташар той жасады. Оқырмандар салтанатты шараны үлкен тоймен шатастырған еді. Алайда Өтепберген-тегі жас жұбайлар үшін маңызды сәт әлі алда деп сторис жүктеді. Аян сондай-ақ, желі арқылы кішігірім шараға шақырылмай қалған таныстарынан кешірім сұрап, талай қуанышта жүздесетіндерін айтты.

«Жүрегі «Өнер» деп соққан, маңдайы «Ел» деп жарқыраған Аян балам мен Аружан қызым — қосыла аттаған қадамдарың құтты болсын!

Болашақтарыңа зор сеніммен қараймыз!», — деп жүрекжарды лебізін білдіргендер арасында Асхат Маемиров та бар. Өнер иесі сондай-ақ, пост арқылы Аянның беташар тойынан эксклюзивті кадрларды көрсетті.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @otepbergen_ayan

Поделиться: