Таяуда ғана шаңырақ көтерген Аян Өтепбергеннің жары кім? Жас жұбайлардың махаббаты хикаясы қалай басталды? Дәл осы сұрақтарға актердың сүйіктісі Аружан Төлепбергенова өзінің инстаграм парақшасында жауап берді.

Аян мен Аружан алғашында қарым-қатынастарын барынша жасырып жүрген еді. Тіпті желіде бірін-бірі барынша көрсетпеуге тырысты. Десе де фолловерлер қос ғашықтың ізіне түсіп, барлық ақпаратты біліп алған болатын.

Ал Аружан өзі жайлы инстаграм stories-ында: — «Жиі қойылып жатқан сұрақтарға жауап берейін. Жасым 22-де. Ақтөбе қаласының тумасымын, руым — Адай. SDU университетінде оқыдым. Малайзияға араб тілін меңгеру үшін бардым. Орамалды 18 жасымнан бастап тағамын. Намаз оқимын. Стилист болып жұмыс істеп жатқаныма үш жыл болды. Күйеуіммен түсірілім кезінде таныстым», — деп көптің көкейінде жүрген сауалдарға жауап берген Төлепбергенова осылайша қауесеттерге нүкте қойды.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @jesuismonstre

Поделиться: