Шоу-бизнесте сүрбойдақтар қатары азайды. Сұраныстағы серілердің бірі Аян Өтепберген махаббатын кездестірді. Актердің ғашығы өнер әлеміне қатысы бар. Ол Аружан есімді стилист. Өтепберген Аружанмен түсірілім алаңында танысқан. Бикеш одан бөлек арт-директор болып та қызмет етеді. Қос ғашық бұған дейін бірге түскен фотоларын желіге жүктеп, оқырмандардың көзіне түскен еді. Фолловерлер тіпті Аружанды Аянның жеке стилисті деп топшалаған. Бірақ актер, бұл ақпаратты жоққа шығарды.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @otepbergen_ayan

Поделиться: