Көптен бері интервью бермей кеткен Айдана Меденова YouTube подкасттың қонағы атанды. Экс-әнші «Сәлем Папа» фильмінің аясында таспаланған сұқбатта өзінің ата-анасы жайлы қызықты оқиғаларды айтып берді. Меденова тіпті ет жақындарын есіне аламын деп көзіне жас алды.

«Әкем сияқты адам көрмедім. Менің санамда әкемнің ұрысқан сәті жоқ. Ешқашан балаларына дауыс көтермеген. Барлығымыздың анамыз ұрысады ғой. Ұрысқанын да елемейтінбіз. Ұмытып кететінбіз. Әкемнің қатулы қабағы мен жанарын мүлдем көрмеппін. «Қызым олай жасама», «мына қылығың ұят» деп айтқан емес. «Әке» деген сөз мен үшін «мейірім» деген сөзбен байланысып жатыр. Олардың көзі кеткесін ғана ойлап жүрмін, мені қаншалықты сүйетіндерін. Оларға ештеңе айтудың қажеті жоқ. Тек сезім арқылы бәрін білдіруге болады. Ата-анамның тәні мен жаны менімен ылғи бірге жүретініне сенемін. Олар менің мәңгі жүрегімде. Алладан күн сайын дұға етемін», – деп Айдана Меденова ата-анасы жайлы жылы естеліктерімен бөлісті.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @aidanamedenova_officialpage

Поделиться: