Айсәуле Бақытбек басынан өткен ауыр кезеңді еске алды. Медиа тұлға әсіресе қаржы мәселесінде біраз уақыт қиналдым деп отыр. YouTube әрі инста блогер тіпті 5 рет несие алып, микрокредиттік ұйымдардан 10 мың теңге алған кездерін мойындады. Айсәуле соңғы 10 жыл бойы ата-анамнан бір тиын ақша сұраған емеспін деп отыр.

«Қазір мен 27 жастамын. Ата-анамнан 10 жыл бойы ақша сұраған емеспін. Барымды салып жұмыс істеп жатырмын. Шамамен 40 шақты адамға жалақы төлеймін. Әрине басымнан қиын кезеңдер де өтті. Мүлдем ақшасыз қалып, қарызға белшесінен батып, бес несие алғанмын. Тіпті микрокредиттік ұйымдардан 10 мың теңге алған кезім де болды. Бірақ барлығы уақытша екеніне көзім жетті. Жалпы менің қаржылық жағдайымның жақсы не жаман болғанын менің парақшамнан-ақ білуге болатын сияқты. Алайда не болса да ата-анама жағдайым жақсы деп жүре беретінмін», — деп Айсәуле желіде жан сырын ақтарды.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @aissaulebakytbek

Поделиться: