«Нұрбектің тұңғышы!» Айжан Байзақова екінші мәрте ана атанбақ. Атышулы блогер өзінің инстаграм парақшасында жүкті екенін мәлімдеп, оқырмандарынан сүйінші сұрады. Желіде ерекше пост қалдырған Айжан құрсағындағы сәбиіне бүгінде 18 апта болғанын да мәлімдеді. Болашақ бөбек бизнесмен Нұрбек Арыстанның тұңғыш сәбиі болса, Байзақованың екінші баласы. Еске салсақ, блогердің Алан есімді ұлы бар.

Айжан Байзақова мен Нұрбек Арыстанның болашақ сәбиі ұл. Алдағы уақытта ата-ана атанатын жұп gender party жасады. Шараның форматы Disney стилінде. Қонақтар арасында Мадлен, Гауһар Әмірқұлова және т.б желі жұлдыздары бар.

Baby Boom! Daricorn да аяғы ауыр екенін жария етті. Екінші сәбиіне жүкті миллионер-блогер инстаграм парақшасында күйеуіне жағымды жаңалықты жеткізіп, тосын сый жасағанын көрсетті. Эмоцияға толы видеода Дархан Жолшыбековтың ерекше сезімдерін байқауға болады. Бүгінде жұлдызды танымал отбасы Дэни есімді ұл тәрбиелеп отыр. Оқырмандар енді жұптың болашақ бөбегі қыз болсын деп жарыса ізгі тілегін жаудырды.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @arystan_nurbek

Поделиться: