Бруно Марс Disney-мен шарт жасасты. Әнші жаңа музыкалық фильмде бір рөлді сомдайды. Анық-қанығы әзірге құпия. Алайда барлық саундтректерді Марстың жазатыны және оларды өзі орындайтыны белгілі.

Музыкант бұл жөнінде Twitter арқылы ерекше тәсілмен хабарлады. Ол бір әуенді ойнап отырған видео түсіріп, астына:

 «Егер әлденені армандасаңыз, орындалмайтын дүние жоқ! Аққан жұлдызға қарап, тілек тілеңіз. #MarsMeetsTheMouse #ImGoingToDisneyland #YESSS!!» деп жазыпты.

Марс шабыттанып жүрген сияқты!

Бруно Марс – 11 «Грэмми» сыйлығын және 27 номинацияны иеленген, таңғажайып жетістікке жеткен керемет әртіс. Енді жетіспей тұрғаны тек «Оскар» секілді.

«Маған Оскар керек!»: Бруно Марс актерлікке бет бұрды
Бруно Марс Disney-мен шарт жасасты

Фото Instagram.

Поделиться: