Блогерлер отбасында baby boom! Дархан Жолшыбеков пен Darikorn екінші мәрте ата-ана атанды. Желі жұлдыздарының жанұясында қыз дүниеге келді. Танымал кәсіпкер әрі блогер әзірге бөбектің есімін құпияда ұстап отыр. Еске салсақ, жұлдыз жұп бүгінде Даниял атты 2 жастан асқан ұл тәрбиелеп отыр.

«Қош келдің, қызым! Дарикорн, рақмет саған. Баршаға жұғысты болсын! Әлеуметтік желіден жоқ болып кеткенімнің себебі – осы. Босану процесіне қатысып, қызымды бірінші өзім көрдім. Кіндігін кестім. Құттықтап жатқан жандарға рақмет!», – деп Дархан Жолшыбеков оқырмандарынан сүйінші сұрады.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @daricorn.rr

Поделиться: