Дильназ Ахмадиева алаяқтарға алданып қалды. Эстрада жұлдызы бұл туралы Тимур Балымбетовке берген сұқбатында мәлімдеді. Әншінің айтуынша оқиға үш жыл бұрын болған.

«Зейданға жүкті кезімде екі алаяққа алданып қалғанмын. Осы күнге дейін ол туралы айтпағанмын. Өйткені жұрттың мені аяғанын қаламадым. Тіпті, сол кезде өкінген де жоқпын. 300 мың АҚШ долларын алып кетті. Ең қызығы, оларды 20 жылдан бері танимын. Отбасымызбен араласамыз. Жағдай осындайға әкеліп тіреді. Бірігіп бизнес бастамақшы болып, мені инвестиция құюға көндірді. Сол кезде менің қолымда олардың сұраған ақшасы болмады. Содан мен несие алып, оларға ақшалай көмектестім. Кейін несие төледім. 7 жыл іргетасынан қалап, өз қолыммен тұрғызған кеңсемді саттым. Негізі, менің ешкімге «жоқ» дей алмауымның кесірінен болды. Адамдарға сеніп қаламын. Оларға көмектескім келіп тұрады», – деп болған оқиғаның мән-жайын Ахмадиева өзі айтып берді.

Дильназдың айтуынша, заң алаяқтардың мәселесіне келгенде әлсіз болғанымен, әнші істі жеңіп шыққан. Қазіргі таңда қылмыскер жазасын өтеп жатқан көрінеді.

«Қазір түрмеде жазасын алып жатыр. Бірақ қанша жыл отыратынын білмеймін. Маған дейін де бірнеше адамды алдап келген көрінеді. Көп жылдан бері алаяқтықпен айналысып жүрген тәжірибелі адам екен. Қазір ойлап отырсам, олар дәл менің психологиялық көңіл-күйім болмай жүрген тұста келіпті. Жалғыздықтан шаршап, өмірден баз кешкен кезім болған. Сол кезде олар маған көмектескісі келіп, осындай қадамға барған. Осы оқиғадан кейін адамдармен таңдап араласатын болдым. Сабақ болған оқиға», – дейді әнші.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @dilnaz_akhmadiyeva. Автор. @photolol.x

Поделиться: