Шыр етіп дүниеге келген сәттен-ақ, ең алғаш танысатын жан ол – ана. Сәбиін тоғыз ай құрсағында және өмір бойы алақанына салып, аялап өсіретін жанның әрбіріміз үшін орны бөлек. Ана мен баланың махаббатына тең келетін сезім жоқ шығар бұл өмірде. Сондықтан ұлдар ер жетіп, үйге сүйіктісін әкелгенде, кей аналар келінін жақтыртпай жатады. Осындай жағдай неліктен туындайды? Болашақ енеңе ұнамасаң не істеу керек? Сұрақтарға психолог Кристина Типс жауап береді. Ене мен келіннің текетіресі жайлы бұрыннан айтылып келеді. Бұл мәселе бүгінгі күні де өзекті. Маман екі арадағы қайшылықтардың туындауына бірнеше себеп бар дейді.

«Бүгіндері өкінішке орай, жарының анасына ұнайтындардан гөрі, енесіне жақпайтындар саны басым. Көп жағдайда нақ осы мәселе, жастардың екіге айырылуына түрткі болады. Сандарды сөйлетсек. Статистикалық мәліметтерге сай, әр 8-ші жанұя осы себепті ажырасады екен. Ал бәріне кінәлі бұл – қызғаныш. Кез келген ана баласын қызғыштай қорғап, өмір бойы махаббатқа бөлеп өткісі келеді. Сөйтіп, ер жігіт екі оттың ортасында қалады. Бір жағынан шешесі, екіншісінде жары», — дейді Кристина Типс.

Ене мен келіннің текетіресі

Ал егер ене мен келін бір шаңырақ астында тұрса жағдай одан әрі ушықты дей беріңіз. Жылдар бойы, отбасының ұйытқысы болып, отырған ана, енді өз ас бөлмесін өзге бір жанмен бөлісуі керек. Жаңа жанұяның ережелеріне босағаны енді аттаған келіншек те, бірден үйренісіп кете алмайды. Мамандар тағы әр елдің менталитеттінде естен шығармау қажет дейді.

«Алдымен өзіңнің енең сынар, емендей бол, бұл сынға емен шыдар. Жас келінге қаттырақ қарағаны, ширатып бір алайын деген шығар демекші, бұл менталитетке байланысты. Бір кездері өз енесінен сондайды көрген жан, өзі де келінін тексермек болар», — дейді коуч.

Таяқтың екі ұшы бар демекші, әр дауда екіжақта кінәлі болуы мүмкін. Сондықтан Кристина, отбасында тыныштықты сақтау үшін ене мен келін бір-біріне түсіністік танытып, мәселені ақылмен шешуі тиіс деген пікірде.

«Жас түскен келін – бір отбасының сенім артып, оң жақтан ұзатқан қызы, үкілеп отырған үміті. Қызды «жат жұрттық» санаған бабаларымыз қыз тәрбиесіне ерекше мән берген. Оның еркелігін көтере білген. Бірақ келесі бір отбасының табалдырығын оң аяғымен аттап, сол үйдің түтінін түтетуді мақсат еткен келін ата-анасының жанындағы еркелігі мен шолжаңдығын ысырып тастап, барған жерінің тәртібіне көндігіп, сонда қалыптасқан заңдылықтармен санаса білуі керек.

Ене мен келіннің текетіресі. Сүйіктіңнің анасына ұнамасаң. Не істеу керек?

«Келін – қайын ененің топырағынан» деп те бекер айтылмаса керек. Сондықтан босағаны аттаған қызға ақыл-кеңесін айтып, өмір­лік тәжірибесін үйретіп, бағыт-бағ­дар нұсқап отыру ененің міндеті. Өйткені ене – келіннің екінші анасы. Сондықтан келіннің енеден үйренері, алар тәлімі көп. Бір сөзбен айтқанда, шаңырақтың шайқалмауы тікелей осы жандарға байланысты. Сол себепті жағдайды ұрыс-жанжалға жеткізбей, мәселені ақылмен шешу керек. Ең бастыс бір-бірлеріңізді тыңдап үй  рену қажет», — дейді сарапшы.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Перевод. Магжан Ахмадина. Фото. Shutterstock.com.

Поделиться: