Ғалымдар вегетариандық диетаның онкологиялық аурулар қаупіне қалай әсер ететінін анықтады
Фото. Shutterstock.com. Автор. Jacob Lund.

Ғалымдар вегетариандық диетаның онкологиялық аурулар қаупіне қалай әсер ететінін анықтады

11 марта 2026

Жаңа зерттеуге сәйкес, вегетариандық тамақтану кейбір қатерлі ісік түрлерінің даму қаупін айтарлықтай төмендетуі мүмкін. People басылымының хабарлауынша, зерттеу нәтижелері British Journal of Cancer журналында жарияланған.

Ғалымдар 1,8 миллионнан астам адамның деректерін талдап, олардың денсаулық жағдайын 16 жыл бойы бақылаған. Зерттеу барысында қатысушылардың тамақтану рационы мен уақыт өте келе анықталған онкологиялық аурулар жағдайлары салыстырылды.

Нәтижесінде, ет тұтынбайтын адамдарда қатерлі ісіктің бірнеше түріне шалдығу қаупі төменірек екені белгілі болды.

  • Ұйқыбез обыры қаупі 21%-ға төмен;
  • Қуықасты безі обыры қаупі — 12%-ға төмен;
  • Сүт безі обыры қаупі — 9%-ға төмен.
Ученые выяснили, как вегетарианская диета влияет на риск онкологии
Фото. Shutterstock.com. Автор. Elena Eryomenko.

Сондай-ақ зерттеушілер сирек кездесетін кейбір онкологиялық аурулар қаупінің де азайғанын анықтаған. Олардың қатарында: бүйрек обыры — 28%-ға төмен; көптік миелома (қан обырының сирек түрі) — 31%-ға төмен.

Мамандардың айтуынша, өсімдік тектес тағамдарға негізделген рацион ішек саулығына оң әсер етуі мүмкін. Бұдан бөлек, мұндай тамақтану үлгісі көбіне өңделген өнімдер мен майлы еттің мөлшерін азайтады, ал бұл өз кезегінде ағзаның жалпы жағдайын жақсартуға ықпал етеді. Алайда зерттеу барысында күтпеген бір жайт та анықталды. Вегетариандықты ұстанатын адамдар арасында өңештің жалпақ жасушалы обыры шамамен екі есе жиірек кездескен. Бұл — аталған аурудың кең таралған түрлерінің бірі.

Ғалымдар мұны ағзаға маңызды кейбір қоректік заттардың жетіспеушілігімен байланыстыруы мүмкін екенін айтады. Себебі мұндай нутриенттердің бір бөлігі көбіне жануар тектес өнімдерден алынады.

Ученые выяснили, как вегетарианская диета влияет на риск онкологии
Фото. Shutterstock.com. Автор. Jacob Lund.

Зерттеушілер әзірге қатердің нақты ненің есебінен төмендейтінін — еттен бас тарту ма, әлде вегетариандардың тамақтану ерекшеліктері ме — дөп басып айту мүмкін еместігін атап өтеді.

Дегенмен, мамандардың айтуынша, ең сенімді тұжырым мынадай: тұтас өсімдік өнімдеріне — көкөністерге, жемістерге, бұршақ дақылдарына, тұтас дәнді дақылдарға, жаңғақтар мен тұқымдарға — бай диета, адам мүлде ет жемесе де, жесе де, денсаулыққа пайдалы.


Автор. Жанель Муканова. Аударған. Гүлдана Мұқан.

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше