Голливуд Меган Марклдың бетін қайтарды. Кезекті рет бұл мемлекеттің өз ережелері бар екенін көрсетті. Тіпті патша отбасына тиесілілік те түсіру алаңына өтуге мүмкіндік бермейді. Ал түсірілім алаңын британдық ханзаданың жұбайы көптен бері армандаған болатын. Соңғы кезде ол жаңа рөлдер жөнінде белсенді келіссөздер жүргізе бастады. Тіпті ол үшін агент жалдады. Меган қаһармандық киноның түсіріліміне қатысқысы келді, алайда Дисней студиясының жоғары басшылығы бұрынғы герцогиняның мысын басты. Мұнымен қоса, агентке «Меган кассалық кинода тиісті деңгейде ойнап шыға алады деп ойламаймыз» деген.

Голливудтық басшылар сөзден аянып қалмаған. Олар тіпті ханзаданың әйелі кино саласында үлкен бір жетістікке жетеді деп санамайды. «Кешіріңіз, бірақ Голливуд Меганға Меган Голливудты қажетсініп тұрғандай мұқтаж емес!» деген.

Қаңтар айында Гарри ханзада мен Меган Маркл патша отбасынан кетіп, қаржылық тәуелсіздікке ұмтылғалы бері, бастарына қара бұлт үйіріле бастаған секілді. Патша отбасынан бас тартқандары үшін олар үлкен құн төлеуге мәжбүр. Патшайымның жұптың патша отбасына тиесілілігін тілге тиек етуге, сондай-ақ Royal ұғымын пайдалануға тыйым салғанының өзі неге тұрады. Осының салдарынан Гарри мен Меган бұған дейін тіркеп, қамсыз өмір сүреміз деп үміттенген өз брендтерін дамыта алмайды. Ал енді Меганға Голливудқа да жол жоқ. Олар «жұмақтан» қуылып, шетте қалған жұпқа ұқсайтын секілді…


Harper’s BAZAAR Kazakhstan.

Поделиться: