«Өз аузыңыздан естідік ау, құттықтаймыз!» Әли Оқапов инстаграм парақшасына әке атанғанын жария етіп, оқырмандарынан ресми түрде сүйінші сұрады. Әнші тұңғышының дүниеге келгені туралы ақпараттың тарап кеткенін осылайша растап жағымды жаңалықты араға бірнеше күн салып өзі бөлісіп отыр. Әлидің ұлының есімі – Зейін. Бөбекті дәл осылай атау әжесі Роза Қуанышқызының идеясы.

Әли Оқапов

Бір қызығы Әли әке атанғаны жайлы ресми мәлімдесе де, әнші Ақерке Бүркітбаймен 3 жыл бұрын шаңырақ көтергені жайлы жақ ашпаған еді. Оқаповтың бұл қылығын оқырмандар құп көреді. Фолловерлердің айтуынша, жеке өмір ол жеке болып қалғаны дұрыс. 

«Сіздер үшін өте қуаныштымын! Мен үшін үлгі отбасысыздар, жаңалығыңызды жария қылмай, хайп қумай, артық әңгіме етпей тып тыныш өз отбасыңызда қалдырғаныңыз қалған жұлдызсымақтарға үлгі болса екен. Балапанның бауы берік болсын, Зейінді саналы ұрпақ болсын!»


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. Instagram.

Поделиться: