Бүгінде бүкіл әлем коронавирус эпидемиясын бастан өткеруде. Аурудың өршуі антисептиктердің тапшылығына әкеп соқты. Санитайзерлерге деген сұраныс әсіресе Францияда өсті. Бұл түйткілге қарсы тұру үшін LVMH француздық концернінің басшысы Бернар Арно компанияның иіссу өндіретін бөлімшесіне зауыттардың бір бөлігін дезинфекциялық құралдар өндіруге беруді тапсырды. Көп ұзамай, француздық бизнесмен санитайзерлерді мемлекеттік денсаулық сақтау органдарына беруді жоспарлап отыр.

Тегін таратады: иіссу орнына антисептик өндірмекші

Осы аптадан бастап, LVMH Perfumes & Cosmetics санитайзерлер өндірісін Dior, Guerlain және Givenchyи брендтерінің фабрикаларында өндіруді бастап, оларды Франция ауруханаларына тегін таратады. Концерн антисептикалық гельдің 12 тоннасын шығаруды жоспарлап отыр.


Harper’s BAZAAR Kazakhstan.

Поделиться: