Індет жайлы фильмдер қазір ғаламторда көрілім жағынан сұранысқа ие. Көрерменнің таңдауын түсіну де қиын емес. Бүкіл жер беті карантинде отыр емес пе. Жаһандық медициналық апаттың қалай орын алатыны жайлы ең шындыққа жанасатын туындылар тізімін ұсынамыз.

«Індет», 2011

Фильмді түсіру барысында продюсерлер невролог және эпидемиолог В.Ян Липкинмен, сонымен қатар ғылым журналисі және жазушы Лори Гарретпен кеңескен. Осының арқасында фильм шындыққа жақын болып шықты. Айтпақшы, көпшілік коронавирустың таралуын дәл осы картина болжады деп санайды.

Індет жайлы үздік фильмдер

 «Вирус», 2019

Үнді режиссері Аашик Абудың туындысы шынайы оқиғаларға негізделген. Фильм Кераладағы Нипах вирусының өршуі туралы баяндайды. Картина ел арасындағы күйзелісті, мемлекеттік шенеуніктерге қарсы қысымды дәл сипаттайды.

Індет жайлы үздік фильмдер

 «Андромед штаммы», 1971

Роберт Уайздың ғылыми-фантастикалық триллерінде ғарыштық зондпен бірге Жер бетіне жұқтырған адамдарды мутацияға ұшырататын бөгдепланеталық вирус жайында баяндалады. Фильм «Оскар» сыйлығына екі санатта номинацияланды.

Індет жайлы үздік фильмдер

 «Эпидемия», 1995

Картинада Эбола вирусына ұқсас, ойдан шығарылған Мотаба ауруы жайында айтылады. Фильмнің актерлік құрамы таңдай қақтырады: Морган Фриман, Кевин Спейси, Дастин Хоффман, Куба Гудинг-младший, Патрик Демпси және басқалары.

Індет жайлы үздік фильмдер

«28 апта өтісімен», 2007

Бүкіл Англия халқы вирус жұқтыратын «28 күн өтісімен» фильмінің жалғасы. «28 апта өтісімен» туындысында көрермен пайда болған инфекцияның салдарымен танысады. Сюжеті бойынша, америкалық әскер кіріп, ауру жұқтырмағандар өмір сүретін «жасыл аймақты» құрады.

Індет жайлы үздік фильмдер

 «Вирус», 1993

Осы америкалық драмада көрермен ХХ ғасырдың ең қауіпті вирусы – АИТВ-ның пайда болуы мен таралуын, сондай-ақ ЖИТС-тың ары қарайғы дамуын көреді. Фильм журналист Рэнди Шилтстің 1987 жылы жарияланған «И группа играла на: политика, люди и эпидемия СПИДа» кітабының желісі бойынша түсірілді. Фильм аурудың бастапқы құрбандары мен оның таралу жолдары туралы нақты статистикалық деректерге толы.

Індет жайлы үздік фильмдер

 «Қарапайым жүрек», 2014

Фильм «гейлердің қатерлі ісігі» деп аталған ЖИТС дағдарысының алғашқы күндері туралы баяндайды. Режиссер Райан Мерфи фильмнің медициналық тұрғыдан шынайы болуына көз жеткізу үшін ұдайы түсіру алаңдарына консультанттар мен сарапшылар шақырып отырған.

Індет жайлы үздік фильмдер

 «Мен аңызбын», 2007

Сюжеті бойынша рөлін Уилл Смит сомдайтын ғалым бастапқыда қатерлі ісікке ем ретінде әсер ететін өзгертілген қызылша вирусын жасап шығаруға көмектеседі. Өкінішке орай, вирус мутацияға ұшырап, жылдам ауаға тарайды және адамдарды мутант-вампирлерге айналдырады. Фильм Ричард Мэтисонның 1954 жылы шығарылған аттас кітабы бойынша түсірілген.

Індет жайлы үздік фильмдер

 «Вирус», 2013

Режиссер Ким Сон-судың аталмыш оңтүстіккореялық туындысы халықты қыратын, ауа арқылы тарайтын вирус бүкіл әлемді жаулап алғанда қоғамда орнайтын дүрбелеңді көрсетеді. Фильмде баяндалатын H5N1 вирусы – құс тұмауы жұқтырған адамды 36 сағат ішінде о дүниелік етеді. Шын өмірде тұмаудың бұл түрі аса қауіпті. Бүкіл әлем бойынша оны жұқтырған 600 адамның ішінен 60% вирустан көз жұмады.

Індет жайлы үздік фильмдер

Harper’s BAZAAR Kazakhstan.

Поделиться: