Кәмшат Жолдыбаева соңғы кездері имиджін өзгертіп, желіде жиі орамалмен көзге түседі. Әншіні тіпті оқырмандар дін жолына түсіп, хиджаб киюге дайындалып жүр деп топшалаған еді. Десе де өнер иесінің инстаграмдағы контентіне назар салсақ, сылқым әзірге толықтай өмірлік ұстанымын өзгертпеген.

Кәмшат ақ келін атанып, тұрмысқа шыққалы бері басына орамал тағып жүр. Әнші келіндік міндетім болған соң, жабық киінуге тырысатынын айтты:

«Соңғы кезде неше түрлі орамалды көйлекке, киімге жарастырып таққанды жақсы көремін. Білмеймін, мүмкін ішімде болып жатқан өзгерістерден бе екен? Солай болып жатыр. Бірақ, сіздерден теріс пікір болғанын қаламаймын. Өйткені, хиджаб кию бір бөлек. Орамал тағудың ежелден келе жатқан үрдісі бар. Әйел табиғатын одан сайын аша түсетін киім бөлшегі ретінде тағып жүрмін», — деді Кәмшат Жолдыбаева.

Еске салсақ, Кәмшат осы жылдың наурыз айында актер Ғазрет Қажымұқанұлына тұрмысқа шыққан болатын. Жұлдызды жұп тек сырға салу рәсімін ғана ресми түрде жасады.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @kamshat__zholdybayeva

Поделиться: