40 жасында үшінші мәрте ана атанған Ерке Есмахан кенжесін қырқынан шығарды
Фото. Instagram @erke_esmahan.

40 жасында үшінші мәрте ана атанған Ерке Есмахан кенжесін қырқынан шығарды


RaiM мен Ерке Есмаханның шаңырағында тағы да той! Жұлдыз жұп таяуда ғана дүниеге келген кенже ұлдары Батырды қырқынан шығарды. 40 жасында үшінші мәрте ана атанып, бүгінде декреттік демалыста отырған Ерке Есмахан мұндай маңызды күнді әдемі әрі ерекше өткізуге тырысқан. Өнер иесі Instagram парақшасында эстетикаға толы контент ұсынып, кішкентай ханзадасына жүрек жарды тілегін білдірді. Райымбек Бақтыгереевтың екінші ұлын екі әжесі қырқынан шығарып, бесікке бөлеген.

«Батыр баламызды екі әжесі қырқынан шығарып, бесікке салды. Әулеттің үлкендерінің берген батасы қабыл болсын. Батырым атына заты сай, иман жүзді жігіт болып өссін. Өзім қандай әппақпын, жүрегім де дәл сондай. Сондықтан ақ тілегімді қабыл алыңыздар. Сәби күткен отбасыларға Алла егіз нәсіп етсін. Шаңырақтарыңызда тек бақыт, шаттық, қуаныш болсын. Бар болыңыздар, бай болыңыздар.»


Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше